Мұғалжар ауданының №2 аудандық сотында азаматтық іс медиация тәртібіндегі пилоттық жоба аясында қаралды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Талап қоюшы  А. жауапкер Б.-дан моральдық  шығынды өндіру  туралы талап арызымен сотқа жүгінді.

Сотпен тараптарға пилоттық жобаны іске асыру туралы медиацияның артықшылықтары түсіндірілген хабарлама жолданып, медиативтік келісімді бекітудің және істі өндірісімен тоқтатудың салдары түсіндірілді.

Содан кейін, тараптардан дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша пилоттық жобаға қатысу туралы өтініш берілген.

Медиация рәсімін жүргізу кезінде тараптар келісімге келіп, жауапкер Б. талап  қоюшы А.-ға 80 000 (сексен мың) теңге көлемінде моральдық шығынды 2017 жылдың желтоқсан айының 10-на дейін төлейтін  болып келіскен.

Сотпен дауды медиация тәртібімен реттеу және іс бойынша өндірісті тоқтату туралы келісімді бекіту жайында ұйғарым шығарылды.

Мемлекеттік баж талап қоюшыға қайтарылды.

Ұйғарым заңды күшіне енген жоқ. 

Источник: 
Пресс служба Актюбинского областного суда