Мұғалжар аудандық сотында брифинг өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Мұғалжар аудандық сотында  шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының халықтың көші-қон саласындағы заңнамасын бұзуына қатысты қаралған әкімшілік істер бойынша брифинг өткізілді.

Брифингке аудандық соттың судьясы Ж.М.Сейтжапаров және «Мұғалжар» аудандық саяси-қоғамдық газетінің өкілі А.Есқара  қатысты.

Брифинг барысында судья Ж.М.Сейтжапаров 2017 жылдың басынан бастап шетел азаматтарының  Қазақстан Республикасының халықтың көші-қон саласындағы заңнаманы бұзу фактісі бойынша қаралған 28  әкімшілік істер жөнінде  түсіндірме берді. Судья, құқық бұзушылықтардың сипатын, қоғамға қауіптілігін ескеріп, 16 Өзбекстан Республикасының азаматтарына әкімшілік қамаққа алу, 10 азаматтарына айыппұл және 2   азаматтарын Қазақстан Республикасының шегiнен әкімшілік жолмен шығару әкімшілік  жазасы тағайындалғанын атап өтті. 

 

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі