Медиация тәртібінде қылмыстық істі қысқарту

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтөбе облысының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында ұрлық жасау фактісі бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабының 1-бөлігі бойынша кәмелетке толмаған Р.-ға қатысты  қылмыстық іс қаралды.

Іс материалы бойынша, кәмелетке толмаған Р. қасақана, бөтеннің мүлкін жасырын түрде жымқыру ниетімен, пайдакүнемдік мақсатта, жәбірленуші М.-ның иелігіндегі  «Самсунг Галкси С2» маркалы ұялы телефонын жасырын жымқырып, қылмыстық құқық бұзушылықты жасаған.

Нәтижесінде кәмелетке толмаған Р. жәбірленуші М.-ға 15 000 теңге көлемінде материалдық шығын келтірген.

Сот отырысында жәбірленуші мен сотталушы өзара медиация тәртібімен татуласуына байланысты, қылмыстық іс бойынша іс жүргізуді тоқтатуды сұраған.

Сот кәмелетке толмаған сотталушы Р.-дың алғаш рет ауырлығы орташа қылмыс жасауын, бұрын ол сотталмағанын, жәбірленушімен медиация тәртібімен татуласып, іс-әрекеттеріне шын жүректен өкініп, сот алдында кешірім сұрағанын, әрі сотталушы жәбірленушіге келтірілген материалдық шығынды қалпына келтіргенін ескеріп, сотталушы Р.-ға қатысты қылмыстық іс бойынша іс жүргізуді тоқтатып,  оны қылмыстық жауаптылықтан босатты.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.  

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі