Қобда аудандық сотында «Қазақстан Республикасында халықаралық шарттарының нормаларын қолдану» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қобда аудандық сотында «Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының нормаларын қолдану» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Іс шараға Қобда аудандық ІІБ-нің басшысының орынбасары П.Ермекбаев, Қобда ауданнының Әділет басқармасының басшысы А.Досжанова, Қобда ауданы әкім аппаратының  ішкі саясат бөлімінің бас маманы Н.Ербалюков және БАҚ өкілі қатысты.

Дөңгелек үстелде төраға А.Т.Анарбаев баяндама жасап,  Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының нормаларын қолдану туралы» ҚР Жоғарғы Сотының нормативтік қаулысын оқып таныстырды.

Сондай-ақ төраға  Қазақстан Республикасының аумағында заңды күші бар халықаралық келісім-шарттарының тізімімен  таныстырып, сот  актілерінде  аталған келісім шарттарға сілтеме жасалатынын айтып өтті. Оның ішінде  2016 жылдан бастап азаматтық, қылмыстық және әкімшілік істер бойынша  статистикалық есеп нысандарында  сот актілерінде халықаралық шарттарына сілтемелерді қолдану туралы есеп қарастырылғанын, атап айтқанда Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пакт, Әйелдерге қатысты кемсітушіліктің барлық нысандарын жою туралы халықаралық пакт, Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы халықаралық пакт, нәсілдік кемсітушіліктің барлық нысандарын жою туралы халықаралық конвенция, Бала құқықтары туралы халықаралық конвенция, Орхусс конвенциясы.

Төраға А.Т.Анарбаев дөңгелек үстелге қатысушылардың  қойған сұрақтарына жауап беріп, сот тәжірибесінен  мысалдар келтірді.

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі