Қарама-қарсы жақтығы жолмен қозғалғаны үшін жауапкершілікке тартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Мәртөк аудандық соты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 596-бабы 3-бөлігі (егер бұл жол жүрiсi қағидаларында тыйым салынған жағдайларда, жолдың жүру бөлiгiнiң қарсы бағытта жүруге арналған жағына шығу) бойынша, Ресей Федерациясының азаматына қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Сотта құқық бұзушы азамат А. «Ақтөбе-Орынбор» тас жолының 67 шақырымда   автокөлік басқара отырып, қарама-қарсы жақтығы көлікке арналған жол жағына шығып сол жолмен қозғалғаны анықталды.

Сот құқықбұзушыны әкімшілік құқық бұзушылығын  жасағаны үшін кінәлі деп таныды, оған  әкімшілік шара ретінде 1 жыл мерзімге көлік құралын жүргізу құқығынан айыру  шарасы  тағайындалды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі