Автокөлігін ішімдік ішкен мас күйінде басқарған

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтөбе қаласының №2 сотында Т.-ға қатысты  Қазақстан Республикасының  Қылмыстық  Кодексінің  346-бабының  1-бөлігімен (көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған, алкогольдік, есірткілік және уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы, сол сияқты көлік құралын осындай адамның басқаруына беру немесе көлік құралын осындай адамның басқаруына жол беру)  қылмыстық іс қаралды.       

Қылмыстық іс құжаттарына сәйкес, 2017 жылдың 22 сәуір айында Т. көлік құралын басқару құқығынан айырыла отырып, «Honda-CR-V» маркалы автокөлігін ішімдік ішкен мас күйінде басқара отырып, Ақтөбе қаласы, Самара-Шымкент бағыты қозғалысында Ақтөбе облысы Ішкі Істер Департаментінің жол полиция қызметкерлерімен  жол бойында  ұсталған.

Сонымен қатар, Т. көлік құралын басқару құқығынан айырыла отырып, ішімдік ішкен мас күйінде көлік құралын басқарған.

Сот үкімімен Т. Қазақстан Респбуликасының Қылмыстық Кодексінің  346-бабының 1-бөлігімен теріс қылық деп танылып, оған 120  сағат қоғамдық жұмысқа тарту жазасы тағайындалды және 3 жыл көлік құралын басқару құқығынан айырылды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

 

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі