Ақтөбе қалалық сотында «Сот актілерінің орындалуы бойынша өзекті мәселелер» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтөбе қалалық сотында оқу орталығында Ақтөбе қалалық сотының төрағасы Д.Сариев, сот ұжымы, «Ақтөбе облысының Әділет Департаменті» ММ-нің бөлім жетекшілері, Ақтөбе облысы бойынша Жеке сот орындаушылары өңірлік алқасының төрайымы, Ақтөбе қаласының аумақтық жеке сот орындаушылар «Сот актілерінің орындалуы бойынша өзекті мәселелер» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Ақтөбе қалалық сотының төрағасы және кеңсе меңгерушісі қазіргі таңда Ақтөбе қалалық сотында сот актілерінің орындалу ахуалына тоқталып өтті.

Дөңгелек үстелдің қорытынды бөлімінде:

-Ақтөбе қалалық соты тарапынан «Ақтөбе облысының Әділет Департаменті» ММ және Ақтөбе облысы бойынша Жеке сот орындаушылары өңірлік алқасымен сот актілеріне қатысты өзара тексеріс жүргізу; сот актілері бойынша есеп жүргізу процесін реттеу;

-Ақтөбе облысы бойынша Жеке сот орындаушылары өңірлік алқасы тарапынан Ақтөбе қалалық сотының сот мәжілісі хатшыларына атқару парақтарын тиісті түрде ресімдеу, карточкада да атқару парағында да өндіру сомаларын бірегей көрсету, тараптардың ЖСН/БСН нөмірлерін дұрыс толтыру, Ақтөбе қалалық сотының ұжымына жас жеке сот орындаушыларына жан-жақты қолдау көрсету ұсынылды.

 

 

 

Источник: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі