Ақтөбе қалалық сотында дөңгелек үстел өтті.

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтөбе облыстық сотының Соттардың жүктемелерін азайту бойынша жұмыс жоспарына сәйкес, Ақтөбе қалалық сотының оқу орталығында «Ақбұлақ» АҚ өкілдері - З.Скендирова, Д.Сермаханова, «АктобеЭнергоСнаб» ЖШС заңгер-кеңесшісі - Г.Мырзабекова, Ақтөбе облыстық Нотариалдық палатасының нотариусы - Ж.Рысқұлов, «Жақсылық» ПИК төрайымы - О.Никитина, «Жанар и Б» ПИК төрайымы - Б.Кульниязова, «Назар-3» ПИК төрағасы - М.Тайшибаев, «Строитель ІІ» ПИК төрайымы - А.Қазмағамбетованың қатысуымен «Нотариалдық атқару жазбасының, оңайлатылған өндіріс пен медиацияның ерекшеліктері, оларды бірінші сатыдағы сотта қолдану артықшылығын кеңінен түсіндіру» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Ақтөбе қалалық сотының судьялары Ғ.Әбубәкіров, С.Утепбергенова, Н.Самарханова «Оңайлатылған өндірістің артықшылықтары», «Нотариалдық атқару жазбасы», «Медиация рәсімінің ерекшеліктері» тақырыптарында баяндамаларымен бөлісті.

Дөңгелек үстелдің қорытынды бөлімінде, Ақтөбе қалалық соты судьяларының тарапынан:

«Нотариустардың нотариалдық әрекеттерді орындау Ережелеріне» нотариалдық атқару жазбасын іске асыру бойынша нотариалдық процесті талаптармен толықтыру;

Шығару негіздерін ескере отырып, нотариалдық атқару жазбасының бірегей нысанын дайындау және бекіту;

Нотариалдық атқару жазбасын орындау үшін төлемді қайта қарау және  барабар сомасын бекіту;

Нотариусқа нотариалдық атқару жазбасы үшін жүгінетін субъект мәртебесін анықтау бөлігінде Заңға өзгеріс енгізу;

Нотариалдық атқару жазбасын жүзеге асыру мақсатында жүгіну үшін өтіп кеткен мерзімді қалпына келтіру мүмкіндігін алдын-ала қарастыру;

Ақтөбе облыстық Нотариалдық палатасына нотариалдық атқару жазбасын орындау барысында төленетін мемлекеттік бажды қайта қарау ұсынысымен жүгіну;

Коммуналдық қызмет көрсету мекемелерінің өкілдері, жеке сот орындаушылары, жеке нотариустар көмегімен қарапайым халық арасында медиация туралы түсіндірме жұмыстарды ұдайы жүргізу, медиацияны кеңінен насихаттау ұсынылды.

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі