Ақтөбе қалалық сотында «Қазақстан Республикасының Жаңа Азаматтық Процестік Кодексі аясында Медиация рәсімдерін қолдану» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтөбе облысы соттарының Үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл бойынша жұмыс жоспарына сәйкес, Ақтөбе қалалық сотының оқу орталығында Ақтөбе қалалық сотының судьялары, «Ақтөбе қаласының Әйелдерді қолдау орталығы» Қоғамдық бірлестігінің заңгері Р.Ізімбетова, «Элит Агро» Қоғамдық қорының басшысы М.Цыганкова, «Ақтөбе Облыстық Мүгедектер бірлестігі» Қоғамдық бірлестігінің өкілі С.Ысқақов, «Қазақстан Республикасының Бейбітшілік және келісім кеңесі» Қоғамдық бірлестігі Ақтөбе бөлімшесінің басшысы К.Еспағамбетовтың қатысуымен «Жаңа Азаматтық Процестік Кодексі аясында Медиация рәсімдерін қолдану» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Ақтөбе қалалық сотының судьялары С.Абызбаева, М.Зайнулина, С.Ордабаева, А.Сұлтанғалиева «Медиация: татуласу рәсімдері», «Медиацияны қолданудың өзекті мәселелері», «Азаматтық сот өндірісіндегі медиация», «Азаматтық Процестік Кодекстегі тараптарды тауластыру нормалары мен қазақ билер сотының жазылмаған заңдылығы» тақырыптарында баяндамаларымен бөлісті.

Дөңгелек үстелдің қорытынды бөлімінде, Ақтөбе қалалық сотының судьялары тарапынан:

Үкіметтік емес ұйымдар өкілдерінің көмегімен қарапайым халық арасында медиация туралы түсіндірме жұмыстарды ұдайы жүргізу, медиацияны кеңінен насихаттау ұсынылды.

Источник: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі