30 тәулікке әкімшілік қамаққа тартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтөбе қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында азамат Б.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Азамат Б. Қазақстан Республикасының  Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 611-бабының 3-бөлімінде (көлік құралын басқару құқығынан айырылған не көлік құралдарын басқару құқығы жоқ адамның өзi қатысушы болып табылған жол-көлiк оқиғасы болған жерден кетiп қалу әрекеті) көрсетілген құқық бұзушылықты жасағаны үшін 30 тәулікке әкімшілік қамаққа алу түріндегі жауапкершілікке тартылды, себебі ол көлік құралдарын жүргізу құқы жоқ азамат бола тұра, 2017 жылдың 19 ақпанында шамамен 23 сағат 45 минутта, Ақтөбе қаласының Асау-барақ көшесі бойындағы №31 үйдің қарсысында «Vaz 21113» автокөлігін басқару барысында, өзі қатысушы болып табылатын жол көлік оқиғасы орнын тастап кеткен.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі