Қоғамдық орында арақ ішкен масаң күйінде болған

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтөбе қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында қоғамдық тәртіпті бұзған азамат Т.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Азамат Т., бұрын бір жылдың ішінде екі рет қоғамдық орындарға адамның қадiр-қасиетiн және қоғамдық имандылықты қорлайтын арақ ішкен мас күйінде келгені үшін әкімшілік  жауапкершілікке тартылған тұлға  бола тұра, қайтадан 2017 жылғы 14 наурызда шамамен 20 сағат 00 минутта Ақтөбе қаласы, Қарғалы селосындағы Матросов көшесі №18 үйдің жанында, яғни қоғамдық орында осындай жағдайда болған, сөйтіп ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 440 бабының 4 бөлімінде (қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдіктерді ішкені немесе оларға масаң күйде келгені үшін әкімшілік жазаға бір жыл ішінде екі рет тартылған адамның қоғамдық орындарға адамның қадiр-қасиетiн және қоғамдық имандылықты қорлайтын масаң күйде келуі) көрсетілген әкімшілік құқық бұзушылықты жасаған.

Соттың қаулысымен азамат Т. 3 тәулікке әкімшілік қамауға алынған.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі