Қоғамдық тәртіп қайталанып бұзылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтөбе қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында қоғамдық тәртіпті бұзған азамат А-қа қатысты әкімшілік іс қаралды.

Азамат А., бұрын 02.12.2015 жылы ҚР ӘҚБтК-нің 434 бабының 1 бөлімі бойынша Ақтөбе қаласы мамандандырылған әкімшілік сотының қаулысымен әкімшілік жазаға тартылған тұлға бола тұра, Ақтөбе қаласында темекі шегіп, қалдығын белгіленбеген жерге тастаған, яғни, ол қоғамдық орынды ластап, төңірегіндегілерге сыйламаушылық білдіріп, қоғамдық тәртіпті әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап бұзған, сөйтіп ол ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 434 бабының 2 бөлімінде көрсетілген әкімшілік құқық бұзушылықты жасаған.

Соттың қаулысымен азамат А. 3 тәулікке әкімшілік қамауға алынған.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

 

Источник: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі