Жұмыс берушіге айыппұл салынды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Шалқар аудандық сотында лауазымды тұлға, «Шалқар аграрлық-техникалық колледжі»  мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны басшысы  Е. қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 87-бабының 1-бөлігімен (еңбекке ақы төлеу жөніндегі  талаптарды бұзу) әкімшілік құқық бұзушылық іс қаралды.

Іс материалдары бойынша, Е. жұмыс беруші бола тұра  колледждің оқу-өндіріс шеберіне А. 2017 жылдың 18 наурызы мен 25 сәуір аралығына жалақысын толық көлемде және Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында белгіленген мерзімдерде төлемеген.

Сот отырысында құқық бұзушы Е. кінәсін мойындап,  А. сот шешімімен жұмысқа орналасып, аталған мерзімде жұмыс жасағанын, облыстық сотта оны жұмысқа орналастырған сот шешімі күшін жойғасын еңбек жалақы төленбейді деп ойлап жалақыны төлемегендерін, еңбек инспекциясымен нұсқама берілгеннен кейін өсімімен төлегендерін көрсетті. 

Соттық  қаулысымен Е. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 87-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 68 070 теңге әкімшілік айыппұл салынды.

Қаулы заңды күшіне енген  жоқ.

Источник: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі