Жол қозғалысы қатысушылардың дауы бітімгершілік келісімімен реттелді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтөбе қалалық сотымен талап қоюшы К.-ның  жауапкер П.-қа жол көлік оқиғасы салдарынан келтірілген материалдық шығынды және моральдық зиянды өндіру туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Талап қоюшы өз талабында, аз. П. өзінің автокөлігімен талап қоюшыны қағып кеткенін және оқиға орнынан ізін суытқанын, МАИ қызметкерлерінің жасақталған хаттамасымен кінәлі деп танылғаны, алайда жауапкер тарапынан кешірім сұрау немесе денсаулыққа келтірілген зияның өтемегендігін көрсетіп, жол көлік оқиғасы салдарынан келтірілген 50 000 теңге материалдық шығынды және 200 000 теңге  моральдық зиянды өтеу туралы талап арызбен сотқа жүгінген.

Тараптар сот отырысында дауды бітімгершілік келісімді бекітуді өтініш жасап, бітімгершілік шарттары бойынша жауапкер П. талап қоюшы К.-ның пайдасына 30 000 теңге сомасындағы материалдық шығынды және моральдық зиян өтемі 2017 жылы 15 маусымына дейін төлуді міндеттенді.

Сот азаматтық іс бойынша бітімгершілік келісімді бекітіп, істі өндірістен тоқтатты.

Үйғарым заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі