Жасы кәмелетке толмаған жолаушыны жарақаттады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтөбе қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында азамат  П.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Іс материалдарында көрсетілгендей, азамат П. 2016 жылғы  6 желтоқсан күні  сағат 18-00 шамасында, Ақтөбе қаласы, Пацаев көшесіндегі Облыстық әкімшіліктің қарсысында, «Volkswagen» маркалы автокөлігін басқарып келе жатып, реттелмеген жаяу жүргіншілер өтпесінде тоқтаған көліктің алдында жаяу жүргіншінің жоғына көзін жеткізбей, нәтижесінде жасы кәмелетке толмаған жүргінші Қ-ны түйіп, оның денсаулығына жеңіл дәрежеде зақым келтірген, сөйтіп ол  ҚР Жол қозғалысының белгіленген ережесінің 14.2 тармағын бұзып, Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 610-бабының 2-бөлімінде (көлiк құралдары жүргiзушiлерінiң жол жүрісі қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң белгiленген қағидаларын бұзуы салдарынан жәбiрленушiнiң денсаулығына жеңiл зиян келтiруі)  көрсетілген құқық бұзушылықты жасаған.

Азамат П. сот қаулысымен кінәлі деп танылып,  34035  теңге әкімшілік айыппұл  және 1 жыл мерзімге көлік құралдарын басқару құқығынан айыру түріндегі жазаға тартылды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі