Ырғыз аудандық сотында брифинг өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ырғыз аудандық сотының кеңсе мамандары «Ырғыз» газетінің тілшісі А.Мырзалиннің қатысуымен брифинг өткізді.

Брифингте кеңсе меңгерушісі А.Сарсенғалиева «Сот кабинеті» электронды ақпараттық сервисі сотқа электронды құжаттар беру тәртібі туралы нұсқаулығының жалпы ережелері, электронды құжаттарды беру шарттары жөнінде,

Кеңсе бас маман Г.Тулегенова аудандық және оған теңестірілген сотта іс қағаздарын жүргізу туралы ережесінің сот істері мен материалдарды тіркеу және есепке алу тәртібі туралы,

Бас маман-сот мәжілісінің хатшылары Г.Әжібаева мен Н.Қуандықов хаттамалар, хаттама жүргізудің міндеттілігі, хаттаманың мазмұнына ескертпелер беру тәртіптері, сот отырысында үн-бейне жазба жүргізу арқылы істердің қаралуы туралы түсіндірді.

Сонымен қатар, кеңсе меңгерушісі А.Сарсенғалиева 2016 жылдың 1 тоқсанында қаралған азаматтық істердің 99%, сот актілерін қайталап беру туралы арыздар, апелляциялық шағымдар 100% «Сот кабинеті» электронды сервис арқылы түскендерін айтты.

Брифинг барысында кеңсе мамандары тілшінің сұрақтарына толыққанды жауап берді.

Источник: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі