Архив событий

23/05/2016

«Заң және заман. Заң талабы – өмір талабы» тақырыбындағы дөңгелек үстел

23/05/2016

Байғанин техникалық колледжінде «Заң және заман. Заң талабы – өмір талабы» деген тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Шараға  аудандық сот, БАҚ, аудан әкімі аппаратының ішкі саясат бөлімі, облыстық әділет департаментінің, облыстық білім басқармасының, аудандық білім бөлімінің, аудандық әділет басқармасының өкілдері, аудандық ардагерлер кеңесі төрағасы, аудан әкімі орынбасары, аудандық мәслихат депутаты, аудандағы мектеп директорлары және полиция қызметкерлері қатысты.

8 шетелдік азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды

23/05/2016

Мұғалжар аудандық сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 517-бабының 2-бөлімімен 8 Өзбекстан Республикасының азаматтарына қатысты әкімшілік істер  қаралды.

Істің мән-жайына сәйкес, шет ел азаматтары 2016 жылғы 18 сәуір   жылдан 2016 жылғы 13 маусымға дейін тіркеліп, Қандыағаш қаласы «Жастық» мөлтек ауданында нақты тұратын жері тіркеу кезінде көрсетілген мекен-жайға сәйкес келмей, Қазақстан Республикасында халықтың көші-қон саласындағы заңнаманы бұзған. 

Бітімгершілік келісім бекітілген

23/05/2016

Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында «А» ЖШС «О»  шаруа қожалығынан қарыз соманы және өсімпұл өндіру туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Азаматтық іс материалдарына сәйкес, «А» ЖШС-і  электр энергиясын жеткізу келісім-шарты бойынша жауапкермен міндеттеменің орындамауына байланысты «О»  шаруа қожалығынан жалпы көлемі 295 878 теңге қарыз сома және 19 124 теңге өсімпұл өндіруді сұрап сотқа шағымданды.

Қазақстан Республикасы Жаңа Азаматтық процестік кодексіндегі татуласу рәсімдері» тақырыбындағы дөңгелек үстел өткізілді

23/05/2016

Қарғалы аудандық  әкімі аппартының   ғимаратында  Ақтөбе облыстық сотының судьясы Б.Алматованың, аудандық соттың төрағасы Н.Аманкулова мен  судья А.Шарипбаевтың,  прокуратура, медиатор, адвокаттар, аудан Әкімі  аппаратының және ішкі істер бөлімінің өкілдерінің қатысуымен «Қазақстан Республикасы Жаңа Азаматтық процестік кодексіндегі татуласу рәсімдері» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Қылмыстық іс бойынша брифинг

23/05/2016

Мұғалжар ауданының №2 аудандық сотында «Мұғалжар» аудандық газетінің штаттан тыс тілшісі А.Қонақбаевтың  қатысуымен брифинг өткізілді.

Брифинг барысында судья Ж.Кунаевамен Қазақстан Республикасының ҚК-нің 106-бабының      1-бөлімімен  сотталушы С. қатысты қылмыстық ісі бойынша мәлімет берілді.