Архив событий

27/05/2016

Алға ауданында бітімгерлік келісімді дамыту бойынша өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды

27/05/2016

Алға ауданында салтанатты жағдайда медиация кабинеті ашылды. Медиация кабинетінің ашылуы халыққа дауларды соттан тыс жағдайда шешудің артықшылықтарын білу мүмкіндігін береді 

Салтанатты шараға Алға ауданы әкімі аппаратының басшысы А.Қонжар,  «Нұр Отан» партиясы Алға ауданы филиалының төрағасы А.Сейдалиев қатысты.

Басты мақсат медиация туралы Заңының ережелерін азаматтардың назарына жеткізу болып табылады.

Ақтөбе облыстық сотында мемлекеттік тілді қолдану бойынша сұрақтар талқыланды

27/05/2016

Бүгін Ақтөбе облыстық сотының ғимаратында «Сот істерін мемлекеттік тілде жүргізу мәселелері» тақырыбында судьялардың, прокуратура және адвокаттар алқасы өкілдерінің,  «Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасының» ММ жанындағы Тілдерді оқыту орталығы өкілдерінің, тергеу, әділет органдары мен мемлекеттік мекемелер, банктер мен БАҚ өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді.

Кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының кеңсе меңгерушісі «Адам және Заң» бағдарламасында сұхбат берді

27/05/2016

Ақтөбе облысының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының кеңсе меңгерушісі  Ж.Жұбаева  «Қазақстан-Ақтөбе» АҚ ТРК телеарнасының «Адам және Заң» тікелей бағдарламасында сұхбат берді.

Бағдарлама барысында Жанат Жұбаева сот жүйесінің жұмысына  енгізілген жаңа ақпараттық технологиялар туралы, соның ішінде «Сот кабинеті», «Сот құжаттарымен танысу» сервисі, «Төрелік» сот органдары ақпараттық жүйесі арқылы атқару парақтарын орындау үшін электрондық құжат түрінде жолдау туралы сөз қозғады.

«Кінәні мойындау туралы мәміле нысанында процестік келісім жасасу туралы өтінішхатты қарау тәртібі» тақырыбындағы брифинг

27/05/2016

Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «Кінәні мойындау туралы мәміле нысанында процестік келісім жасасу туралы өтінішхатты қарау тәртібі» тақырыбында брифинг өткізілді.

Брифингке сот төрағасы Н.Сұлтанов пен жергілікті «Диапазон», «Эврика» газеттерінің тілшілері қатысты.

«Гендерлік теңдік»

27/05/2016

Байғанин аудандық сотында сот ұжымының қатысуымен «Гендерлік теңдік – қоғамның өзекті мәселелерінің бірі» деген тақырыпта дөңгелек стол өтті.

Аудандық сотында «Жаңа Азаматтық процестік кодексіндегі татуласу рәсімдері» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді

27/05/2016

Қобда аудандық сотында Ақтөбе облыстық сотының судьясы Б.Алматованың,  аудандық сотының төрағасы А.Анарбаев, кәсіби емес  медиатор С.Даржанов  , аудандық прокуратура, аудан әкімі аппаратының  және ішкі істер бөлімінің өкілдерінің қатысуымен «Жаңа Азаматтық процестік кодексіндегі татуласу рәсімдері» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Әкімшілік іс бойынша брифинг

27/05/2016

Әйтеке би аудандық сотында Әйтеке би аудандық «Жаңалық Жаршысы» газетінің тілшісі Е.Әбдіраевтың қатысуымен брифинг өткізілді.

Брифинг барысында аудандық соттың төрағасы А.Әбдіров ҚР ӘҚБтК-нің 516- бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік іс қаралғанын айтты.

Төрелік» ақпараттық-талдау жүйесіндегі электрондық мұрағат тақырыбындағы семинар

27/05/2016

Қарғалы аудандық сотында «Төрелік» ақпараттық-талдау жүйесінде сот құжаттарының электрондық мұрағатын толтыру жобасын дұрыс қолдану жөнінде мамандардың семинарлық сабағы өткізілді.

Семинарлық оқуда сот қызметкерлері электрондық мұрағаттың дұрыс толтырылуына қатысты бірқатар мәселелерді талқылады.

Ырғыз аудандық сотында медиация кабинеті ашылды

27/05/2016

«Қазақстан-2050» стратегиясында дауларды соттан тыс реттеу институттарын дамытуға көп көңіл бөлінген. Дауларды шешудің балама әдісі ретінде медиация Қазақстан үшін салыстырмалы алғанда жаңа институт болып табылады.

Ырғыз ауданында  «Нұр Отан »  партиясы ғимаратының  жанынан кәсіби емес медиаторлар кабинеті ашылды.

Аудандық сотында брифинг өткізілді

27/05/2016

Әйтеке би аудандық сотында Әйтеке би аудандық «Жаңалық Жаршысы» газетінің тілшісі Е.Әбдіраевтың қатысуымен брифинг өткізілді.

Брифинг барысында аудандық соттың төрағасы А.Әбдіров ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабының 2-бөлігімен әкімшілік іс қаралғанын айтты.

Іс бойынша бойынша, азаматша А. бір жыл ішінде өзінің кәмелетке толмаған 2011 жылы туған баласы мен 2015 жылы туған  балаларын тәрбиелеу мен оқыту жөніндегі міндеттерін дәлелді себептерсіз орындамаған, яғни төрт күн үйінен кетіп қалып, балаларын қараусыз қалдырған.

Хромтау аудандық сотында брифинг өткізілді

27/05/2016

Хромтау аудандық сотында Хромтау» газетінің тілшісі Л.Абдированың  «жазадан шартты түрде мерзiмiнен бұрын босату» туралы тақырыпқа брифинг өткізілді.

Судья Е.Жеткерген, С. жазадан шартты түрде мерзiмiнен бұрын босату туралы өтініші қаралды.

Байғанин аудандық сотында семинар өткізілді

27/05/2016

Байғанин аудандық сотында аудандық сот ұжымының, аудандық прокуратураның аға прокуроры Ғ.Ермағамбетовтің және полиция қызметкерлерінің қатысуымен «Заң талаптарын сақтау – баршаға ортақ міндет» деген тақырыбында семинар өткізілді.