Кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының кеңсе меңгерушісі «Адам және Заң» бағдарламасында сұхбат берді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтөбе облысының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының кеңсе меңгерушісі  Ж.Жұбаева  «Қазақстан-Ақтөбе» АҚ ТРК телеарнасының «Адам және Заң» тікелей бағдарламасында сұхбат берді.

Бағдарлама барысында Жанат Жұбаева сот жүйесінің жұмысына  енгізілген жаңа ақпараттық технологиялар туралы, соның ішінде «Сот кабинеті», «Сот құжаттарымен танысу» сервисі, «Төрелік» сот органдары ақпараттық жүйесі арқылы атқару парақтарын орындау үшін электрондық құжат түрінде жолдау туралы сөз қозғады.

Сондай-ақ, сот төрелігін жүзеге асыру бойынша жұмысты оңтайландырудың, сот ісін жүргізудің жоғары деңгейде ашық болуына қол жеткізудің бағыттарының бірі, яғни ақпараттық технологияларды, оның ішінде аудио-бейне жазба құрылғысының көмегімен сот процестері өткізілетіндігіне тоқталып өтті.

Тікелей эфир аясында кеңсе меңгерушісі телекөрермендердің сұрақтарына жауап берді.

Источник: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі