Архив событий

06/05/2016

9 мамыр -Жеңіс күні

06/05/2016

Шалқар аудандық сотының ұжымы қатысуымен, Бауырластар зираты мен Ідріс Үргенішбаевтың  ескерткішіне гүл қою  рәсімі өткізілді. 

Аудандық сотының ұжымы тыл ардагерді Жеңіс күнімен құттықтады

06/05/2016

Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 71 жылдығы қарсаңында Әйтеке би аудандық сотының судьясы М.Мұхамбетқалиев және бас маман А.Биманова тыл ардагері Дариға Майтабанованы құттықтады.

Сот ұжымы Ұлы Отан соғысының тыл еңбеккеріне ерен ерлігі үшін шын жүректен алғысын білдіріп, оған мықты денсаулық, ұзақ та бейбіт ғұмыр тілеп, сыйлықтар ұсынып, олармен еңбек жолдары туралы сұхбат өткізіп, қазіргі жағдайлары туралы сұрастырып, ол кісінің мұң-мұқтаждарын анықтап, біздің тарапымыздан көмектер ұсынылды.

Ақтөбе облыстық сотында мемориалды тақтаға салтанатты түрде гүл қою рәсімі өтті

06/05/2016

Ақтөбе облыстық сотында Ұлы Жеңістің 71 жылдығы қарсаңында Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен сот жүйесінің ардагерлерінің құрметіне «Ер есімі – ел есінде!» атты мемориалдық тақтаға салтанатты түрде гүл қою рәсімі өтті.

Шараға облыстық соттың төрағаласы Ерлан Айтжанов, соттың алқа төрағалары, облыстық сот судьялары, соттар әкімшісінің басшысы А.Мамбетов,қалалық және мамандандырылған соттардың төрағалары қатысты.  

Экономиялық сотында судьяларды құттықтады

06/05/2016

Отан қорғаушылар күніне орай «Трансэнерго» АҚ өкілдері Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының төрағасы Е.Қанапиевті және сот судьясы А.Жүсіповты мерекемен құттықтап, алғыс хат табыстады.

«Трансэнерго» АҚ өкілдері оларға істерді барлық заң нормаларын қолданып әділ қарайтындарына алғыстарын білдіріп, зор денсаулық, барлық істеріне сәттілік және де соттың гулдене беруін  тілеп, экономикалық сотының ашықтығын және сот төрелігіне қол жетімділікті атап өтті.

Ардагерлер әрқашан көңілімізде

06/05/2016

Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 71 жылдығы қарсаңында Ақтөбе қаласының №2 сотының төрағасы Айсултан Балмуханов және сот  судьялары Алия Бекталиева және Роза Кузенбаева екі тыл қатысушылары Сагиндыкова Айша Нугманқызы, Қуанышбеков Нуралы Бисенгалиевич, және сот жүйесінің ардагері Шаненов Амирхан Махсумовичтің шаңырағында  қонақта болып қайтты.

Облыстық соттың қызметкерлері ардагерлерді құттықтады

06/05/2016

Ұлы Отан соғысындағы Ұлы Жеңістің 71 жылдық мерекесі қарсаңында соттар әкімшісі А.Мамбетовпен кеңсе меңгерушісі Қ.Абжетов ардагерді құттықтады.

Фемида өкілдері облыстық сотта үздіксіз 26 жыл бойы маман қызметін атқарған сот жүйесінің ардагері, Ұлы Отан соғысының  тыл еңбеккері Минаура Исмагиловна Шайдуллинаға барды. Бұлар есімі бас әріппен жазылған, өз ісінің шебері, біздің тыныштығымыз бен бейбіт өміріміз үшін еңбек еткен  адамдар.

«Мәңгілік Отына» гүл шоқтарын қою

06/05/2016

Мәртөк жерінен майданға 3,5 мың астам адам кеткен. Мың адамнан астам орден мен төсбелгісімен марапатталған, 5 адам жоғарғы марапатпен Кеңес Одағының каһарманы деп атанған. Өкінішке орай, майданнан қайтапағандары да бар. Мәртөктұрғындары салтанатты түрде Даңқ монументінде Еске алу вахтасында  оларды еске алды.

Монументке салтанатты түрде гүл шоқтарды қойылды.Сот қызметкерлері де аталмыш іс шараға қатысып, майданда қаза болғандарды еске алып, Даңқ монументінің «Мәңгілік Отына» гүл шоқтарын қойды.

Мұғалжар ауданының №2 аудандық сотының ұжымы ардагерді құттықтады

06/05/2016

Ұлы Отан соғысының 71 жылдық Жеңіс күні қарсаңыңда Мұғалжар ауданының №2 аудандық сотының судьясы Ж.Кунаевамен сот мамандары А.Булмажанова, Г.Курбанова Ұлы Отан соғыс ардагері, тоқсанның торқалы жасына жеткен Петуненков Николай Васильевичпен кездесті.

«Сын сағаттағы отаншылдық қасиет»

06/05/2016

Қобда  аудандық  орталықтандырылғының  кітапханасында аудандық соттың маманы А. Измухамбетованың қатысуымен «Сын сағаттағы отаншылдық қасиет» атты   тақырыбында тыл майдангерлерімен  кездесу өткізілді.

Экономикалық сотының ұжымы ардагерлерді құттықтады

06/05/2016

Ұлы Отан соғысының Жеңіс күнінің 71 жылдық мерекесі қарсаныңда  Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты  Ұлы Отан Соғысының ардагері Жалмагамбет Өтеш Төлегенұлын және тыл еңбеккері Исмагулов Қойлыбай Жалмырзаұлын құттықтады.

Ардагерлерге әрдайым құрмет

06/05/2016

Ұлы Отан Соғысындағы жеңістің 71 жылдығы қарсаңында Ақтөбе қаласы мамандандырылған әкімшілік сотының ұжымы Ақтөбе қаласының Қарғалы селосында тұратын ҰОС-ның ардагерлері Асхат  Ахметұлы Файзуллин мен Бахыткерей Нұгманұлы Пшибаевты құттықтады.

Асхат  Ахметұлы Файзуллин, 1923 жылы туған, Ұлы Отан Соғысына 1941 жылдан бастап қатысқан, соғысты Берлинде аяқтаған. Бірнеше орден, медальдармен наградталған.

Ақтөбе қаласының №2 сотында салтанатты шара өткізілді

06/05/2016

9 Мамыр – екінші дүниежүзілік соғыста фашизмді күйреткен ұлы мереке мен  соғыста қаза болғандар күні. Бұл күнді тек Ұлы Отан соғысының ардагерлері ғана  емес,  олардың балалары, немерелері және шөберелері атап өтеді.

Бүгін Жеңістің 71-жылдық мерейтойы қарсаңында Ақтөбе қаласының №2 сотында Отан қорғаушылар күніне және Ұлы Отан соғысының Жеңіс күніне арналған  салтанатты шара  өтті.

Аталған салтанатты жиынға сот төрағасы А. Балмуханов,  судьялар және сот мамандары қатысты.

Аудандық сот ардагерді құттықтады

06/05/2016

Ұлы Жеңістің  71 жылдығына   арналған мерекесін  тойлау ғасырында 2016 Қобда аудандық сотының ұжымы 89-жастағы  Галауф Гайфеевич Сайфудиновты  Ұлы Отан Соғысының ардагерін кележатқан мерекесімен құттықтап және 

Соты ұжымы ардагерді құттықтады

06/05/2016

Ақтөбе облысының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының ұжымы Ұлы Отан соғысының Жеңіс күнінің 71 жылдық мерекесі қарсаныңда сот жүйесінің ардагерін құттықтады.

Сот төрағасы міндетін атқарушы Н.Ормаханов сот жүйесінің ардагері  Бирзул Станислав Владимировичті келе жатқан Ұлы Жеңіс Күнімен құттықтап, оған зор денсаулық,  ұзақ ғұмыр тілей отырып отырып, ұжым атынан дайындаған сыйлықты табыс етті.

Сот ұжымы Отан қорғаушылар күнімен құттықтады

06/05/2016

Мұғалжар аудандық сотының судьялары А.Мусина, Н.Кендірбаева және мамандары ұжым қызметкерлерін және адвокаттарды Қазақстан Республикасының Отан Қорғаушылар күнімен құттықтады.

Шын жүректен бақыт пен татулық, әрбір отбасына ізгілік пен игілік тілеп, ардагерлер мен жауынгерлеріміздің дені сау болып, сарбаздар мен қолбасшыларымыз табысты қызмет ете берсін деп, оларға мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр, бейбіт өмір тіледі.

Шараға қатысушылар көрсетілген құрмет үшін Мұғалжар аудандық сотының ұжымына алғыстарын білдірді.

Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьялары ардагерді құттықтады

06/05/2016

Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьялары Ұлы Отан Соғысының ардагері Александра Тихоновна Саратовцевнаны Жеңіс күнімен құттықтады. Сот ұжымының атынан ардагерге гүл шоқтары, азық-түлік және қаржылай сыйлықтар  табыс етілді.

Ардагер қонақтарды жылы қабылдап,  сұрапыл соғыс жылдарындағы қиын-қыстау кезеңдер, Кеңес армиясының төзімділігі мен ерліктері жөнінде  айтып берді.

Тыл ардагерін құттықтау

06/05/2016

7 мамыр Отан қорғаушылар және 9 мамыр Ұлы Жеңіс күніне орай, сот төрағасы А.Бисенгали, кеңсе меңгерушісі А.Сарсенғалиева, бас маман Г.Тулегенова 89 жастағы тыл ардагері Х.Көнекбаевты үйіне барып құттықтады.

Көнекбаев Хакім 1927 жылы туылған, соғыс кезінде Ырғыз ауылында күні-түні колхоз егістігінде, фермада мал бағып, оны күзетіп, «Бәрі майдан үшін – бәрі Жеңіс үшін» атты ұранмен жұмыс жасаған тыл ардагерлердің бірі.

Ақтөбе қалалық сотының ұжымы Сот жүйесінің ардагерлерлерін құттықтады

06/05/2016

Қан майданның жүректе жарасы бар,

Қайғысы мен зілі бар, наласы бар.

Арамызда жүретін алшаң басып,

Ардагерлер азайып барасыңдар...

Ұлы Отан Соғысында жеткен Жеңістің 71 жылдығын тойлау қарсаңында Ақтөбе қалалық сотының ұжымы Сот жүйесінің ардагерлерін құттықтады.

Аудандық сотының ұжымы сот жүйесінің ардагерін құттықтады

06/05/2016

Жеңістің 71 жылдығы мерекесі қарсаныңда Темір аудандық сотының ұжымы сот жүйесінің ардагерін құттықтау іс-шарасын өткізді.

Сот ұжымы сот жүйесінің ардагері, отанға аянбай еңбек еткен азамат Нұрмаш Куралұлы Алдамжаровтың үйіне барды.

Сот ұжымы сот жүйесінің ардагерлеріне көп  жылы сөздерін айтып, аудандық сотында адал еңбек атқарғаны үшін  рахмет айтып, сыйлық сыйлады. 

Өз кезегінде ардагер сот ұжымына құттықтап келгені үшін ризашылығын білдірді. 

Сот актісін орындамаған

06/05/2016

Ақтөбе қаласы мамандандырылған әкімшілік сотында Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 669-бабы бойынша құқық бұзушы С-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Іс материалдарына сай, құқық бұзушы С. 2015 жылғы қаңтар айынан бастап 2016 жылғы 11 наурызға дейінгі уақыт аралығында қасақана  Ақтөбе қалалық сотының алимент өндіру туралы сот бұйрығын орындамаған. Соның салдарынан қазіргі нақты берешегі 852 036 теңгені құраған.