Архив событий

26/05/2016

"Мемлекеттік тілді дамыту" тақырыбындағы семинар

26/05/2016

Қарғалы аудандық сотында «Мемлекеттік тілді дамыту» тақырыбында семинар өткізілді.

Семинар жұмысына сот төрағасы Н.Аманкулова, судья А.Шарипбаев, кеңсе меңгерушісі және сот  мамандары  қатысты.

Ақтөбе облыстықсотында семинар сабағы өткізілді

26/05/2016

Ақтөбе облысы бойынша соттар әкімшісі басшысының орынбасары Е.Сағынғанов соттардың жұмысын ұйымдастыруда туындайтын мәселелерді  талқылау бойынша семинар сабағын өткізді.

Семинар сабағына  облыстық соттың бөлім басшылары,  қалалық және мамандандырылған соттардың кеңсе меңгерушілері мен сот мамандары қатысты.

Қылмыстық іс өндірістен медиация тәртібімен қысқартылды

26/05/2016

Қарғалы аудандық сотында ашық сот мәжілісінде медиация тәртібі арқылы қылмыстық іс қысқартылды.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 24 бабының 3 бөлігі,  188 бабы 2 бөлігінің 3 тармағы бойынша  азамат Н.-ге қатысты қылмыстық іс қаралды. Қылмыстық істің мәні бойынша, азамат Н. бөтеннің мүлкін дүкенге заңсыз кіру арқылы жасырын жымқыру мақсатында 2014 жылдың 15 қаңтарда  «Динара» дүкеніне заңсыз кіріп,  жәбірленуші З.-ның 7000.теңгесін ұрлап, оған 7 000 теңге мүліктік зиян келтірген.