Ақтөбе облыстықсотында семинар сабағы өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтөбе облысы бойынша соттар әкімшісі басшысының орынбасары Е.Сағынғанов соттардың жұмысын ұйымдастыруда туындайтын мәселелерді  талқылау бойынша семинар сабағын өткізді.

Семинар сабағына  облыстық соттың бөлім басшылары,  қалалық және мамандандырылған соттардың кеңсе меңгерушілері мен сот мамандары қатысты.

Күн тәртібінде Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процессуалдық Кодексіне енгізілген өзгерістер мен толықтырулар, сот жасауылдарының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қылмыстың алдын алудағы іс-әрекеттері, сот кеңселерінің жоспарланған іс-шараларды  уақтылы және сапалы орындауы,  «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар,  мемлекеттік қызметкерлердің іс-сапар кезіндегі ережелері, сот отырысының  хаттамасын жасақтау мерзімі мен тәртібі, істердің мұрағатта сақталу тәртібі туралы сұрақтар қаралды.

Семинар сабағында Ақтөбе облыстық сотының кеңсесі, қалалық және мамандандырылған соттарының кеңсе мамандары арасында  жалпы 8 баяндама оқылды.

Жоспарлы  түрде өткізілетін ай сайынғы семинарлық сабақта сот ісін ұйымдастыруда орын алған мәселелі сұрақтар талқыланып, оларды шешу жолдары ортаға салынып, жұмыс бабында нұсқаулықтар беріліп, басшылықпен оңтайлы шешімдер қабылданып отырады.

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі