Архив событий

13/05/2016

2016 жылдың 4 айында қорытындысы бойынша баспасөз маслихаты

13/05/2016

Ақтөбе қаласы мамандандырылған әкімшілік  сотының төрағасы жергілікті «Табын» газетінің тілшісі Е.Ахметовтың қатысуымен 2016 жылдың 4 айында атқарылған жұмысы қортындысы бойынша баспасөз маслихатын өткізілді.

Кездесу барысында сот төрағасы А.Қалмұхамбетов газет тілішісіне есепті мерзімде атқарылған жұмыстар туралы, қаралған әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша статистикалық есепті баяндады.

Қылмыстық іс бойынша брифинг

13/05/2016

Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралған қылмыстық іс бойынша брифинг өткізілді.

Брифингке судья М.Сисенова мен жергілікті «Актобе таймс» газетінің тілшісі Т.Татьяна қатысты.

Қылмыстық іс бойынша брифинг

13/05/2016

Мұғалжар ауданының №2 аудандық сотында «Мұғалжар» аудандық газетінің штаттан тыс тілшісі А.Қонақбаевтың  қатысуымен брифинг өткізілді.

Брифинг барысында сот төрағасы А.Сабыровпен ҚР ҚК-нің 296-бабының 2-бөлімімен У. қатысты қылмыстық ісі бойынша түсініктеме берілді.   

Азаматтық іс бойынша брифинг

13/05/2016

Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында БАҚ қатысуымен қоғамдық қызығушылық туғызатын істер бойынша брифинг өткізілді.

Брифингке судья А.Жүсіпов, «Рика-ТВ» телеарнасының өкілдері қатысты.

Баяндамашымен брифинг барысында қоғамдық қызығушылық туғызатын «Профтехмонтаж» ЖШС-і «Ақтөбе қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы» РММ-нің есептік тіркеуден алу туралы шешімін заңсыз деп тану туралы азаматтық ісі бойынша мәлімет берілді.

«Ашық есік» күні

13/05/2016

Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «Болашақ»  колледжі «Құқықтану» мамандығының 3 курс студенттерінің қатысуымен «Ашық есік» күні өткізілді.

Шараның басты мақсаты халыққа құқықтық көмек көрсету, құқықтық мәдениетті көтеру және азаматтардың сот жүйесіне сенімін арттыру, сондай-ақ сот әділдігіне қол жеткізу мақсатында өткізіліп тұратынын атап өтті.

Азаматтық іс бойынша медиативті келісім бекітілді

13/05/2016

Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында Жеке кәсіпкер «Ж» «Ж» ЖШС-нен  қарыз соманы және айыппұл өндіру туралы талап арызы бойынша азаматтық ісі қаралды.

Азаматтық іс материалдарына сәйкес, талапкер «Ж» ЖШС-нен  мемлекеттік сатып алу туралы келісім-шарт бойынша міндеттемелерін орындамауына байланысты, 1 114 761 теңге қарыз соманы және 58 762  теңге айыппұл өндіруді сұрап сотқа шағымданды.

«Ұлт жоспары – еліміздің игілігі үшін» тақырыбындағы дөңгелек үстел

13/05/2016

Байғанин аудандық сотында аудандық сот ұжымының және полиция қызметкерлерінің қатысуымен «100 нақты қадам Ұлт жоспарындағы» заңның үстемдігін қамтамасыз ету деген тарауын талқылау мақсатында: «Ұлт жоспары – еліміздің игілігі үшін» тақырыпта дөңгелек үстел өткізілді.

Өз баяндамасында кеңсе меңгерушісі Қ.Әденов Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен қолға алынып жатырған Ұлт жоспарының мәні мен маңызы; сот жүйесі саласында жүргізіліп жатырған мемлекеттік саясат тағы басқалары туралы айтты.

Кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «Ашық есік» күні өткізілді

13/05/2016

Ақтөбе облысының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «Ашық есік» күні  өткізілді.

Азаматтық іс бойынша туындаған мәселе жөнінде  балалардың тұрғылықты жерін анықтау бойынша  сұрақғымен азаматша К.Сагиддинованы жүгінді. Аталған жүгіну бойынша сот төрайымы М.Үрістембаева ҚР Азаматтық  іс жүргізу, «Неке  (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» кодекстерінің талаптары бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Алға аудандық сотында баспасөз маслихаты өткізілді

13/05/2016

Алға аудандық сотында аудандық газет «Жұлдыз-Звезда» редакциясының бас редакторы М.Изимовтың қатысуымен  баспасөз маслихаты өткізілді.

Баспасөз маслихатында судья Н.Биханова Қазақстан Республикасының  «Медиация туралы» Заңының іс жүзінде қолданылуын кеңінен түсіндіріп, статистиқалық мәліметтерді келтіріп, заң нормаларымен тоқтатылған азаматтық істер туралы мысалдар келтірді.

Шара сонында судья БАҚ өкілінің қызықтырған сұрақтарына жауап берді.

«Медиация – даудың шешу тәсілі ретінде» тақырыбындағы дөңгелек үстел

13/05/2016

Темір аудандық сотында «Медиация даудың шешу тәсілі ретінде» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстел жұмысына прокуратура, ішкі істер бөлімінің қызметкерлері, кәсіби емес медиатор және Темір аудандық сотының қызметкерлері қатысты.

«Медиация – дауларды шешудің балама әдісі» тақырыбындағы дөңгелек үстел

13/05/2016

Мұғалжар аудандық сотында «Медиация –дауларды шешудің балама әдісі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Шараға сот төрағасы С.Тасымбетов, судьялар, кәсіби медиатор, адвокаттар, аудандық прокуратура, әділет Департаменті және халыққа қызмет көрсету орталығының өкілдерінің қатысты.