Архив событий

20/05/2016

«Cотта татуластыру рәсімдерін қолдану тәртібі» тақырыбындағы дөңгелек үстел

20/05/2016

Ойыл аудандық сотында  «Cотта татуластыру рәсімдерін қолдану тәртібі» тақырыбында  дөңгелек үстел өткізілді.

Іс-шараға Актөбе облыстық сотының судьясы Б.Алматова, аудандық прокуратураның, ІІБ-нің, жергілікті атқарушы билік органдардың, аудандық әділет басқармасының, жер бөлімінің  өкілдері және кәсіби емес медиаторлар қатысты.

Судья А.Төремұратова  «Cотта татуластыру рәсімдерін қолдану тәртібі» атты баяндамасында дауларды татуластыру рәсімдері арқылы шешу тәртібін түсіндіріп өтті.

Азаматтарды қабылдау

20/05/2016

Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында азаматтарды қабылдау өткізілді.

Сот төрағасының міндетін атқарушы М.Сисеноваға Қазақстан Республикасы ҚК-нің 99-бабының 1-бөлігімен сотталушы З. қатысты қылмыстық іс бойынша сотталушыңың анасы Г.А.Нуржанова баласымен кездесуге рұқсат алу туралы сұрағымен жүгінді.  

Келушіге іс бойынша қоғамдық қорғаушы болмағандықтан, сотталушымен кездесуге рұқсатты іс бойынша үкім жарияланғаннан кейін ғана ала алатынын түсіндірді.

Әйтеке би ауданының әкімдігі ғимаратында «Медиатор» кабинеті ашылды

20/05/2016

Әйтеке би аудандық сотының бастамасымен Әйтеке би ауданының әкімдігі ғимаратында «Медиатор» кабинеті ашылды.

Аталған кабинет жабдықталып, татуласу рәсімдерін енгізуге қатысты ақпараттық стендтер орнатылды. Аудандық соттың тарапынан республикалық және жергілікті интернет көздерінде сот медиациясын енгізу бойынша мәліметтер тұрақты түрде жариялануда, БАҚ арқылы татуласу рәсімдері мен медиация туралы түсіндірме жұмыстары үнемі жүргізілуде.

Ақтөбе қаласының №2 сотында дөңгелек үстел өткізілді

20/05/2016

Ақтөбе қаласының №2 сотында «Медиация Заңы», «Жергілікті полиция қызметі», «Соттың іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу», «Гендерлік саясат», «Қылмыстық теріс қылық» тақырыбында  дөңгелек үстел өткізілді.

Іс-шараға  сот төрағасы А.Балмұханов, сот судьялары,  қалалық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасарлары, қорғаушы, медиаторлар қатысты.

Алға аудандық сотында «Ашық есік» күні өткізілді

20/05/2016

Алға аудандық сотында азаматтарға  құқықтық көмек көрсету және халықтың сот жүйесіне деген сенімін арттыру мақсатында «Ашық есік» күні өткізілді.

Сот төрағасы Е.Мұратқановқа мемлекеттік қызметке орналасу жөнінде сұрағымен Ж.Жабасова жүгінді.

Сот кәсіпкердің құқықтары қорғады

20/05/2016

Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында «Т» ЖШС-нің «К» АҚ-ның хаттамасын жарамсыз деп тану және бұзу туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Жедел кеңес

20/05/2016

Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «Сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу, сот  қызметкерлері еңбек тәртібі мен мемлекеттік қызметшінің әдеп кодексінің талаптарын сақтау» тақырыбында жедел кеңес өткізілді.

Экономикалық сотында брифинг өткізілді

20/05/2016

Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында БАҚ қатысуымен қоғамдық қызығушылық туғызған іс бойынша брифинг өткізілді.

Баяндамамен судья Жанар Сүюбайқызы Жұбатова сөз сөйледі.

Баяндамашымен брифинг барысында қоғамдық қызығушылық туғызатын іс «Ақтөбе облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы» ММ-і «Ақтөбе облысы бойынша қаржылық бақылау инспекциясы» ММ-нің ұйғарымын даулау туралы азаматтық ісі бойынша мәлімет берілді.

Алға аудандық сотында брифинг өткізілді

20/05/2016

Алға аудандық сотында «100 нақты қадам»  Ұлт жоспары тақырыбында брифинг өткізілді.

Брифингке соттың судьялары  Ж.Исаналина, Н.Биханова және аудандық «Жұлдыз-Звезда» газетінің  бас редакторы М.Изимов қатысты.

Кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында 2016 жылдың 4 айын сот төрелігін жүзеге асыру бойынша баспасөз мәслихаты өткізілді

20/05/2016

Ақтөбе облысының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында 2016 жылдың 4 айын сот төрелігін жүзеге асыру бойынша баспасөз мәслихаты өткізілді.

Шараға сот төрайымы М.Үрістембаева, судья Н.Ормаханов, жергілікті БАҚ өкілдері қатысты.

Сот төрайымы есептік кезеңде сот өндірісіндегі қаралып,аяқталған қылмыстық,азаматтық және әкімшілік істерге тоқталды.

Шалқар аудандық сотында «Ашық есік» күні өткізілді

20/05/2016

Азаматтарға құқықтық көмек көрсету, соттың қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында  Шалқар аудандық сотында «Ашық есік» күні өткізілді.

Сот төрағасы О.Бақтыгереевтің қабылдауына Шалқар қаласының тұрғыны О.Казарцеваның  моральдық шығын өндіру туралы талап арыз беру тәртібі жөнінде толғандырған мәселелердің шешімін табу мақсатында сұрақтарымен жүгінді.

Кездесудің қорытындысы бойынша азаматша О.Казарцеваға  колданыстағы заңнама талаптарына сәйкес түсіндірме берілді.  

Аудандық сотында «Ашық есік» күні өткізілді

20/05/2016

Мұғалжар ауданының № 2 аудандық сотында халыққа құқықтық көмек көрсету, азаматтардың сот жүйесіне деген сенімін нығайту, сондай-ақ сот төрелігіне қол жетімділік мақсатында «Ашық есік» күні өткізілді.

Іс-шара барысында сот төрағасы А.Сабыровқа 4 жеке тұлға, Ембі қаласының тұрғындары А.Алманиязов жер учаскесін қайтарып алу бойынша, Ю.Костин еңбек өтілін анықтау бойынша, Г.Мурзатаева ар-намысына нұқсан келтіру туралы, А.Кужахметова неке бұзу туралы сұрақтармен жүгінді.

Мұғалжар аудандық сотында «Ашық есік» күні өткізілді

20/05/2016

Бүгінгі таңда сот жүйесіндегі барлық салалар бойынша сот қызметтері туралы ақпараттардың, сондай-ақ сот төрелігінің  ашық, қолжетімді әрі айқын болуына аса мән берілуде.

Осыған орай Мұғалжар аудандық сотында  «Ашық есік» күні өткізілді.

Іс-шара барысында сот төрағасы С.Тасымбетовке Қандыағаш қаласының тұрғындары Ж.Жолмағамбетова, Э.Мухамбеткаримова, А.Койшигалиевты жеке айыптау, неке бұзу және алимент өндіру, сот актісінің орындалу тәртібі туралы сұрақтарымен жүгінді.

"Гендерлік саясат" тақырыбындағы дөңгелек үстел

20/05/2016

Темір аудандық сотында «Гендерлік саясат» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстелге прокуратура, ішкі істер бөлімінің қызметкерлері, Темір аудандық сотының қызметкерлері қатысты.

«Ашық есік» күні

20/05/2016

Хромтау аудандық сотында халыққа құқықтық көмек көрсету, құқықтық мәдениетті көтеру және азаматтардың сот жүйесіне деген сенімін арттыру мақсатында  «Ашық есік күнін» өткізілді.

Сот төрағасы А.Мукановқа меншік құқығын тану туралы талап арыз беру туралы сұрағымен Алтынай Сулейменқызы Умарова жүгінді.

Шараның қорытындысы бойынша келушінің қойған сұрақтарға толықтай жауаптар берілді.