Архив событий

05/05/2016

«Нұр Отан» партиясы Ақтөбе облыстық филиалының ғимаратында медиация кабинетінің салтанатты ашылу рәсімі өткізілді

05/05/2016
«Нұр Отан» партиясы Ақтөбе облыстық филиалының ғимаратында медиация кабинетінің ашылу салтанатына Судьялар Одағы Ақтөбе филиалының төрағасы А.Калмухамбетов, соттар әкімшісі А.Мамбетов, «Нұр Отан» партиясы Ақтөбе облыстық филиалының өкілі Б.Акзамов, «Батыс Қазақстан Медиация және келіссөздер процесі орталығы» жеке мекемесінің директоры А.Куртаева, облыстың кәсіби медиаторлары мен БАҚ өкілдері қатысты. 

Шалқар аудандық сотында «Ашық есік» күні өткізілді

05/05/2016

Азаматтарға құқықтық көмек көрсету, соттың қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында  Шалқар аудандық сотында «Ашық есік» күні өткізілді.

Сот төрағасы О.Бақтыгереевтің қабылдауына Шалқар қаласының тұрғындары Ұ.Жазықбаева мен Г.Жазықбаева  заңдық маңызы бар фактіні анықтау туралы, сонымен қатар  "Сот кабинеті" сервисі арқылы талап арыз беру тәртібі жөнінде толғандырған мәселелердің шешімін табу мақсатында сұрақтарымен жүгінді.

Кездесудің қорытындысы бойынша келушілерге заң талаптарына сәйкес түсіндірме берілді.  

Ардагерлерге құрмет пен сыйластық

05/05/2016

Ұлы Отан соғысының Жеңіс күнінің 71 жылдық мерекесі қарсаныңда  Хромтау аудандық сотының судьясы С.Аликулов және кеңсе меңгерушісі А.Таргенова Ұлы Отан Соғысының ардагері Василий Иванович Грецкийдің үйіне барып кездесті.

Василий Иванович Грецкий 1924 жылы туылған. 1942 жылдан бастап Ұлы Отан Соғысына қатысқан, дәл сол уақытта Қызыл Әскердің қатарына шығырылған.

Азаматтарды қабылдау

05/05/2016

Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының төрағасымен азаматтарды қабылдау шарасы өткізілді.

Сот төрағасы Е.Канапиевтің қабылдауына «Кредитное товарищество «Алга»  ЖШС-нің өкілі  А.Ж. Ерназарова мемлекеттік баж салығының төленбеуінен талап арыздың кері қайтарылғаны  туралы сұрағымен жүгінді.

Аталған жүгіну бойынша келушіге азаматтық іс жүргізу заңдылығының талаптарына сай түсініктеме берілді.  

«Медиация – сот жүйесін жетілдірудің тәсілі» тақырыбындағы дөңгелек үстел

05/05/2016

Ақтөбе қалалық сотының оқу орталығында «Медиация – сот жүйесін жетілдірудің тәсілі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Шараға соттың судьялары, Ақтөбе облысының кәсіби медиаторлары Л.Олейникова, А.Куртаева, С.Баймуханова, «Ақтөбе облысы бойынша Медиаторлардың Ұлттық палатасы» Республикалық қоғамдық бірлестігі өкілдігінің төрайымы, кәсіби медиатор  С.Түлкібаева, «Келісу» кәсіби медиаторлар одағының өкілі - А.Казиеваның қатысты.

«Сот отырысында бейне және аудио құралдарын қолдану» тақырыбындағы семинар сабағы

05/05/2016

Әйтеке би  аудандық сотында «Сот отырысында бейне және аудио құралдарын қолдану» тақырыбында семинар сабағы өткізілді.

Іс-шараға сот төрағасы А.Әбдіров, судья М.Мұхамбетқалиев, кеңсе меңгерушісінің міндетін атқарушы А.Биманова мен кеңсе мамандары қатысты.

Дау партисипативтік рәсім тәртібімен шешілді

05/05/2016

Шалқар аудандық сотында талапкер Ш. арызы бойынша азаматтық іс партисипативтік рәсімімен қаралды.

Өз арызында талапкер Ш. жауапкермен арадағы некені бұзуды сұраған.

Сот отырысында тараптардың адвокаттары тараптар отбасын сақтап татуласқандарын, балаларын бірге тәрбиелеп жатырғандарын көрсетіп,  дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы жасалған келісімдерін бекітуді сұрап,  азаматтық істі қысқарту туралы талап тілек қойды.

ЖАҢА АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕЛЕРДІҢ ТИІМДІЛІКТЕРІ

05/05/2016

Байғанин аудандық сотында соттың ашықтығын, жариялылықты қамтамасыз ету мақсатында «Жаңа ақпараттық жүйелердің тиімділіктері» деген тақырыпта баспасөз мәслихаты өткізілді.

Шараға Байғанин аудандық қоғамдық-саяси «Жем-Сағыз» газетінің редакторы Ұ.Қадір қатысты. 

Баспасөз мәслихатында судья Ә.Бисеналина жаңа ақпараттық жүйелердің тиімділіктері және электронды сот өндірісін кеңінен пайдалану;  «Сот кабинеті» сервисінің жаңа мүмкіндіктері туралы айтты.

Алкоголь өнімдерін өткізу талаптарын бұзу

05/05/2016

Ақтөбе қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 200-бабының 1-бөлімінде жеке кәсіпкер «Г» қатысты әкімшілік іс қаралды (Қазақстан Республикасы заңнамасының алкоголь өнімін өткізу жөніндегі талаптарын бұзу).

«Жаңа еңбек кодексі» тақырыбындағы семинар

05/05/2016

Темір аудандық сотында «Жаңа еңбек кодексі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Семинарға сот төрағасының міндетін атқарушы А.Акмолдина және сот мамандары қатысты.

Қылмыстық іс бойынша брифинг

05/05/2016

Қобда аудандық сотында «Қобда» аудандық газетінің штаттан тыс тілшісі қатысуымен брифинг өткізілді.

Брифинг барысында сот төрағасы А.Анарбаев Қазақстан Республикасының ҚК-нің 346-бабының 1-бөлігімен азамат Б-ға  қатысты қылмыстық ісі бойынша түсініктеме берілді.