«Сот отырысында бейне және аудио құралдарын қолдану» тақырыбындағы семинар сабағы

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Әйтеке би  аудандық сотында «Сот отырысында бейне және аудио құралдарын қолдану» тақырыбында семинар сабағы өткізілді.

Іс-шараға сот төрағасы А.Әбдіров, судья М.Мұхамбетқалиев, кеңсе меңгерушісінің міндетін атқарушы А.Биманова мен кеңсе мамандары қатысты.

Сот маманы Г.Муратова өз баяндамасында сот төрелігін жүзеге асыру бойынша жұмысты оңтайландырудың, сот ісін жүргізудің жоғары деңгейде ашық болуына қол жеткізудің  болашақ бағыттарының бірі, яғни  ақпараттық  технологияларды, оның ішінде дыбыс-бейне жазбасын қолдану болып табылатынын айтты. Сонымен қатар, жаңа ақпараттық  технологияларды қолдану аудандық және оған теңестірілген соттардың жұмыс жасау сапасының критерийлерінің бірі болып табылатынын атап өтті.

Іс-шара қорытындысында дыбыс-бейне жазбаны нұсқаулыққа сай, кейбір мәселелері талқыланды.

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі