Архив событий

03/05/2016

Аудандық соттың ұжымы ардагерді құттықтады

03/05/2016

Ұлы Отан соғысының Жеңіс күнінің 71 жылдық мерекесі қарсаныңда Шалқар  аудандық сотының ұжымы Ұлы Отан Соғысының ардагері Шудабай Тақайды мерекесімен құттықтады.

Шудабай Тақай  16 сәуір 1926 жылы Шалқар ауданында жұмысшы отбасында туған.  Ардагер сот қызметкерлеріне соғыс туралы естеліктерімен бөлісті.

Сот төрағасы О.Бақтыгереев Ұлы Отан Соғысы ардагерін келе жатқан Ұлы Жеңіс Күнімен құттықтап, оған зор денсаулық,  ұзақ ғұмыр ыстық лебізін жеткізе отырып, ұжым атынан дайындаған сыйлықты табыс етті.

Колледж оқушыларымен кездесу

03/05/2016

Қобда аудандық сотымен аудандық ІІБ-нің кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі участкілік инспекторы М.Майлыбаевтың қатысуымен «Кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта  заңды өкілсіз болуы жауапкершілік» атты тақырыпқа аудандық көпсалалы колледж оқушыларымен кездесу өткізілді.

Іс шара барысында сот маманы А.Хайруллина кәмелетке толмағандардың  түнгі уақытта заңды өкілсіз  ойын –сауық  мекемелерінде болуы жауапкершілік туралы мәселелер бойынша сұрақтарға тоқтап өтті.

Ырғыз аудандық сотында брифинг өткізілді

03/05/2016

Ырғыз аудандық сотының кеңсе мамандары «Ырғыз» газетінің тілшісі А.Мырзалиннің қатысуымен брифинг өткізді.

Брифингте кеңсе меңгерушісі А.Сарсенғалиева «Сот кабинеті» электронды ақпараттық сервисі сотқа электронды құжаттар беру тәртібі туралы нұсқаулығының жалпы ережелері, электронды құжаттарды беру шарттары жөнінде,

Кеңсе бас маман Г.Тулегенова аудандық және оған теңестірілген сотта іс қағаздарын жүргізу туралы ережесінің сот істері мен материалдарды тіркеу және есепке алу тәртібі туралы,