Архив событий

12/05/2016

Сотқа құрметтемеушілік

12/05/2016

Ақтөбе қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 653-бабының 1-бөлімінде азаматша Ш. қатысты әкімшілік іс қаралды. 

Іс құжаттарға сай азаматша Ш. 2016 жылғы 28 сәуірінде Ақтөбе қалалық сотында қаралып жатырған қылмыстық іске сотталушы ретінде тартыла тұра, сотқа орта дәрежедегі алкоголді мас күйінде келіп, сотқа құрметтемеушілік көрсеткен.

«Мемлекет пайдасына өндірілуі тиіс айыппұлдар» тақырыбындағы дөңгелек үстел

12/05/2016

Ырғыз аудандық сотында сот төрағасы А.Бисенгалидың, аудан прокуратурасының прокуроры Ж.Аманжоловтың, аудандық Ішкі істер бөлімінің учаскелік инспекторларының, аудандық кіріс басқармасының өкілінің қатысуларымен «Мемлекет пайдасына өндірілуі тиіс айыппұлдар» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

«Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексіндегі бітімгершілік рәсімдері туралы» тақырыбындағы көшпелі семинар

12/05/2016

Мұғалжар ауданының №2 аудандық сотының төрағасы А.Сабыров, судья Ж.Кунаева Ембі қаласының әкімдігінде   «Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексіндегі бітімгершілік  рәсімдері туралы» тақырыбында семинар өткізді.

Аталған шараға Ембі қаласының әкімі Ә.Қорғанбай, медиатор Д.Акбаликов, нотариустер, Ембі қаласының №1,2,3,4,7 орта мектебінің директорлары және басқа да   мемлекеттік мекемелердің басшылары мен  өкілдері қатысты.

Қылмыстық іс бойынша брифинг

12/05/2016

Мұғалжар ауданының №2 аудандық сотында «Мұғалжар» аудандық газетінің штаттан тыс тілшісі А.Қонақбаевтың  қатысуымен брифинг өткізілді.

Брифинг барысында судья Ж.Кунаева Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің  140-бабының  2-бөлімі (кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу жөнiндегi мiндеттердi орындамау)бойынша азаматша К. қатысты қылмыстық ісі бойынша  түсініктеме берілді.   

Мәртөк аудандық сотында«Ашық есік» күні өткізілді

12/05/2016

Мәртөк аудандық сотында кестеге сәйкес, азаматтардың құқықтық сауатын арттыру  мақсатында «Ашық есік» күні өткізілді.

Сот төрағасы М.Дүйсенге құқықтық мәселелі сұрақпен  Мәртөк ауылының тұрғыны азамат Виляева Надежда Николаевна жүгінді.

Азаматша Н.Виляеваның айтуынша таныс адамға 50 000 теңге 3 айға қарызға берген, алайда осы уақытқа дейін қарыз соманы қайтарылмаған, осыған байланысты сотқа қарыз соманы  өндіру туралы тәртібі бойынша сұрақпен жүгінген.

Қылмыстардың жиынтығы

12/05/2016

Мәртөк аудандық сотында Қазақстан Республикасының ҚК-нің 190-бабы 1-бөлігі (сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу
немесе талан-таражға салу), 188-бабы 2-бөлігі 3 тармағтарымен (тұрғын, қызметтiк немесе өндiрiстiк үй-жайға, қоймаға не көлік құралына заңсыз кiрумен мүлкін жасырын жымқыру)бірнеше рет сотталған М. қатысты қылмыстық іс қаралды.

Қобда аудандық сотында дөңгелек үстел өткізілді

12/05/2016

Қобда  аудандық сотында «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманы жасақтау және сотқа жолдау тақырыбында» дөңгелек үстел өткізілді.

Аталған іс-шараға аудандық прокуратура, аудандық ІІБ-нің өкілдердері, аудандық учаскелік аға инспекторлары, Ақтөбе облысы жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасынын өкілдері, Қобда  ауданы бойынша  Салық басқармасының өкілдері  қатысты.

Мәртөк аудандық сотында«Ашық есік» күні өткізілді

12/05/2016

Мәртөк аудандық сотында кестеге сәйкес, азаматтардың құқықтық сауатын арттыру  мақсатында «Ашық есік» күні өткізілді.

Сот төрағасы М.Дүйсенге құқықтық мәселелі сұрақпен  Мәртөк ауылының тұрғыны азамат Виляева Надежда Николаевна жүгінді.

Азаматша Н.Виляеваның айтуынша таныс адамға 50 000 теңге 3 айға қарызға берген, алайда осы уақытқа дейін қарыз соманы қайтарылмаған, осыған байланысты сотқа қарыз соманы  өндіру туралы тәртібі бойынша сұрақпен жүгінген.

Аудандық сотымен көшпелі семинар өткізілді

12/05/2016

Мұғалжар ауданының №2 аудандық сотының судьясы Ж.Кунаева КА-168/5 мекемесінде «Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексіндегі татуласу  рәсімдері» тақырыбында семинар өткізілді.

Семинар жұмысына Мұғалжар ауданы прокурорының орынбасары, адвокат, КА-168/5 мекемесінің қызметкерлері қатысты.

«Ішімдікқұмарлық, нашақорлық немесе уытқұмарлықпен ауыратын азаматты наркологиялық мекемеге мәжбүрлі емдеуге жіберу бойынша істерді қарау тәртібі»тақырыбындағы семинар-тренинг өткізілді

12/05/2016

Ақтөбе қалалық сотының судьясы А.Лошкарёв «Ақтөбе облыстық наркологиялық диспансер» ММ ғимаратында «Ішімдікқұмарлық, нашақорлық немесе уытқұмарлықпен ауыратын азаматты наркологиялық мекемеге мәжбүрлі емдеуге жіберу бойынша істерді қарау тәртібі» тақырыбында семинар-тренинг өткізілді.

Семинарға дәрігер-наркологтар мен Ақтөбе қаласының Ішкі Істер Басқармасының учаскелік инспекторлары қатысты.

Әкімшілік іс бойынша брифинг

12/05/2016

Хромтау аудандық сотында «Хромтау» газетінің тілшісі Л.Абдированың  қатысуымен «Басқарудың белгіленген тәртібіне қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылық» туралы тақырыпқа брифинг өткізілді.