Архив событий

24/05/2016

Қобда ауданында медиация кабинеті ашылды

24/05/2016

Қобда  аудандық сотының  бастамасымен   ауданының әкімдігі ғимаратында медиация кабинеті ашылды.

Кереспе сөзінде сот төрағасы  А.Анарбаев  дауларды соттардан тыс медиация кеңсесінің ашылуы, сот қорғауына жүгінбей-ақ бітімгершілік рәсімдерді қолдану арқылы дауларды шешуге мүмкіндік беретін маңызды қадам деп атап өтті. Медиатор орталықтары ұсақ дау-жанжалдарды дербес шешу мүмкіндігін қамтамасыз етіп, қазіргі заманғы азаматтық қоғамды қалыптастыруда айтарлықтай қолдау көрсете алады деп - атап өтті.

Сот қызметкердің еңбекақысын өндірді

24/05/2016

Ақтөбе қалалық сотында талапкер Б-тың жауапкер «ДК» ЖШС-дан 239 375 теңге көлемінде еңбекақы бойынша қарыз ақшаны өндіру туралы талап арызына қатысты азаматтық істі қаралды.

Талапкер Б. жауапкер «ДК» ЖШС-ге 2014 жылғы 4 тамыздан бастап «Күзетші» қызметіне қабылданды. «ДК» ЖШС тарапынан күзетші қызметін атқарушы Б. 2015 жылғы еңбекақысы төленбеген.

Қайталап құқық бұзушылық жасаған

24/05/2016

Ақтөбе облысының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 442-бабының 3 тармағымен (кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде
немесе тұрғынжайдан тыс жерде болуы) құқық бұзушылықты жасаған О. есімді азаматшаға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Азаматтық туралы заңнамасын бұзған

24/05/2016

Мәртөк аудандық сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 496-бабының 2-бөлігімен азамат О. қатысты әкімшілік іс қаралды (Қазақстан Республикасының азаматтық туралы заңнамасын бұзу).

Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында жедел кеңес өткізілді

24/05/2016

Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында сот ұжымы қатысуымен Департамент басшысының орынбасары «Жұмыс сапасын бағалау жобалары» туралы хатын талқылау мақсатында жедел кеңес өткізілді.

Кеңес барысында сот төрағасы Н.Сұлтанов, сот төрелегін жүзеге асырудың сапасын одан әрі арттыру мақсатында көпшілікке танылған халықаралық стандарттарға сәйкес, жергілікті және одан да басқа соттар қызметінің жай-күйіне мониторинг жүргізу және соттар әкімшісінің жұмыс сапасын бағалау жобалары әзірленгенін айтып өтті.