Архив событий

25/05/2016

Мұғалжар ауданының №2 аудандық сотында баспасөз мәслихаты өткізілді

25/05/2016

Мұғалжар ауданының №2 аудандық сотында аудандық соттың ағымдағы жылдың 4 айында атқарылған жұмыс нәтижесі туралы баспасөз мәслихаты өткізілді.

Шараға Ембі және Жем қалалық әкімиаттарының, Мұғалжар ауданының прокурорының орынбасары, Ембі қалалық полициясының, Мұғалжар ауданының №2 пробация қызметі, Желелік полициясының, басқа мекемелер өкілдері және «Мұғалжар» аудандық газетінің штаттан тыс тілшісі А.Қонақбаев қатысты.

Әкімшілік іс бойынша брифинг

25/05/2016

Мұғалжар аудандық сотында «Мұғалжар» аудандық саяси газетінің тілшісі А.Есқараның  қатысуымен брифинг өткізілді.

Брифинг барысында судья Н.Е.Кендирбаевамен Қазақстан Республикасының ҚК-нің 393-бабының 1-бөлігімен Өзбекістан Республикасының азаматы Р-қа қатысты қылмыстық ісі бойынша түсініктеме берілді.        

Сот жүйесінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы нұсқаулықты талқылау бойынша семинар сабағы

25/05/2016

Ақтөбе облысының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «Сот жүйесінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы нұсқаулықты талқылау» тақырыбында семинар сабағы өткізілді.

Шараға кеңсе меңгерушісі мен сот мамандары қатысты.

Қоғамдық орында балағат сөздері үшін жазаланды

25/05/2016

Ақтөбе қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында азамат П.-ға қатысты Қазақстан Республикасы әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-бабының 1 бөлімі бойынша  әкімшілік іс қаралды.

Сотта анықталғандай, құқықбұзушы П. «Арцах» кафесінде жанжал шығарып, азаматша А.-ға балағат сөздер айтқан. Сол іс-әрекетімен қоғамдық тәртiптi бұза отырып, төңiрегiндегiлерге сыйламаушылық бiлдiрген.

Қарғалы ауданының әкімдігі ғимаратында «Медиатор» кабинеті ашылды

25/05/2016

Қарғалы аудандық сотының бастамасымен Қарғалы ауданының әкімдігі ғимаратында «Медиатор» кабинеті ашылды.

Аталған кабинет жабдықталып, татуласу рәсімдерін енгізуге қатысты ақпараттық стендтер орнатылды. Аудандық соттың тарапынан республикалық және жергілікті интернет көздерінде сот медиациясын енгізу бойынша мәліметтер тұрақты түрде жариялануда, БАҚ арқылы татуласу рәсімдері мен медиация туралы түсіндірме жұмыстары үнемі жүргізілуде.