Сот жүйесінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы нұсқаулықты талқылау бойынша семинар сабағы

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтөбе облысының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «Сот жүйесінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы нұсқаулықты талқылау» тақырыбында семинар сабағы өткізілді.

Шараға кеңсе меңгерушісі мен сот мамандары қатысты.

Кеңсе меңгерушісі Ж.Жұбаева, семинарға қатысушыларға  Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының 2015 жылғы 23 желтоқсандағы өкімімен бекітілген «Сот жүйесінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» нұсқаулық жөнінде айтып өтті. Аталған нұсқаулыққа сәйкес, оның ережелері «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне қолданылады.

Сондай-ақ Ж.Жұбаева өтініштерге қойылатын талаптарды және оларды берудің  нысанын, өтініштерді тіркеу мен  қарау мерзімдерін нақты түсіндіріп өтті.

Семинар барысында  кеңсе мамандарының нұсқаулық бойынша  пікірлерін  тыңдап, аталған нұсқаулықтағы талаптарды бұлжытпай сақтау қажеттігін атап өтті.  

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі