Қоғамдық орында балағат сөздері үшін жазаланды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтөбе қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында азамат П.-ға қатысты Қазақстан Республикасы әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-бабының 1 бөлімі бойынша  әкімшілік іс қаралды.

Сотта анықталғандай, құқықбұзушы П. «Арцах» кафесінде жанжал шығарып, азаматша А.-ға балағат сөздер айтқан. Сол іс-әрекетімен қоғамдық тәртiптi бұза отырып, төңiрегiндегiлерге сыйламаушылық бiлдiрген.

Соттың қаулысы бойынша құқық бұзушы П. Қазақстан Республикасы әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-бабының 1 бөлімі бойынша(ұсақ бұзақылық, яғни қоғамдық орында жеке тұлғаға қорлап тиiсіп, айналасындағыларға сыйламаушылықты бiлдiретiн, қоғамдық тәртiптi және жеке тұлғалардың тыныштығын бұзатын әрекеттер) кінәлі деп танылып, оған 21210 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл жазасы тағайындалды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі