Азаматтық іс бойынша дау медиативтік келісіммен шешілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Хромтау аудандық сотында талапкер ЖШС «Т» жауапкер П. қарыз соманы өндіру туралы талап арызы бойынша азаматтық ісі қаралды.

Азаматтық іс материалдарына сәйкес, талапкер  ЖШС «Т» жауапкер П-тан қарыз соманы өндіруді  сұрап сотқа шағымданды, себебі жауапкер тұрып жатқан үйінің иелері жалпы жиналысының хаттамасының негізде тұрғылықты үйге капиталдық жөндеу жасалды, алайда жауапкер П. 2016 жылдың 11 сәуіріне дейін қарыз шартына қол қоймай, міндетемелерді орындаудан қасақана бас тартқан. Жауапкер соттан 511 619 тенге бережақты, 400 тенге пошта шығындарын өндіруін сұрайған.

Сот отырысында тараптардан дауды медиация тәртібімен реттеу келісімін бекіту туралы өтініш түсіп, оның шарттары бойынша талапкер өзінің талабының мөлшерін азайтып, ал жауапкер талап арызды мойындап, үш күннің ішінде қарыз шартына қол қоятынын көрсеткен.

Сот ұйғарымымен дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісім бекітіліп, азаматтық іс өндірісі қысқартылды.

Ұйғарым заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі