Ұсақ бұзақылық үшін жауапкершілік

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қобда аудандық сотында   Қазақстан Республикасы Әкімшілік Құқық Бұзушылық туралы Кодексінің 434-бабының  1-бөлігімен (ұсақ бұзақылық) әкімшілік құқықбұзушылық жасаған  Т-ға қатысты әкімшілік іс  қаралды.

Істің мәні бойынша,  құқықбұзушы Т.   2017 жылдың 14 маусымында сағат 09.00-де Қобда ауданы Білтабан ауылында орналасқан мәдениет үйінің  ауласында, қоғамдық орында Ж.-ны лас сөздермен балағаттап  қоғамдық орында былапыт сөз айтып, ұсақ бұзақылық жасаған, яғни өзінің іс әрекетімен ҚР ӘҚБтК-нің 434 бабының 1 бөлігінде көзделген ұсақ бұзақылық жасаған.

Сот құқықбұзушы Т.-ны  ҚР ӘҚБтК-нің  434 бабының 1 бөлігімен кінәлі деп танып, оған жаза ретінде 10 АЕК мөлшерінде әкімшілік айыппұл салды.

ҚР ӘҚбК-нің  819 бабының 2 бөлігіне сай айыппұл сомасы 30 пайызға қысқартылды.

Қаулы  заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі