«Ұрлық түбі- қорлық»

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтөбе облысы Мұғалжар аудандық сотында 29.06.2017 жылы аз-ша Ж.-ға қатысты Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 188-бабының 2-бөлігінің 2-тармағына (ұрлық) қатысты қылмыстық іс қаралды.

Істің мән-жайына келсек аз-ша. Ж., бөтеннің мүлкін жасырын жымқырып, пайда табу мақсатында, 08.06.2017 жылы  Қандыағаш қаласының үйінің біріне келіп, аз.К.-ның сеніміне кіріп, пәтерде жасы келген кісі тұратының пайдаланып, алдау жолымен үйіне кіріп, сөмке ішінен «Халық банкі» АҚ-ның банкоматтық карточкасын және сыртында жазулы тұрған пин-код нөмірін және үстел үстінде жатқан алтын сырғаны байқап, бөтеннің мүлкін жасырын жымқыруға бағытталған қасақана ниетімен, жасырын ұрлап, банкоматтан карточкасынан 43 000 теңге ақшасын шешіп алып, ломбардқа алтын сырғаны 10 000 теңгеге өткізіп, тапқан 53 000 теңгені өз қажетіне пайдаланған.

Бұдан соң,  Ж. 19.06.2017 жылы Қандыағаш қаласындағы үйлердің бірінің пәтерін түртіп, қызы үйіне келгенше,сол пәтерде күте тұруын сұрап, бұрын соңды танымайтын аз.Р-ның  үйіне кіріп,  соңғының құлағынан алтын сырғаны байқап, құлағыңызда құмырсқа өріп жүр деп алдап, жасы үлкендігін пайдаланып, байқатпай, екі алтын сырғаны шешіп, жасырын ұрлаған. Екі сырғаны  ломбардқа 25 000 теңгеге өткізіп, тапқан қаражатты өз қажетіне пайдаланған.

Сот отырысында сотталушы Ж. тағылған айыпты және жәбірленушілердің азаматтық талаптарын толық мойындап, жасаған қылмысына өкінетінін айтты.

Іс құжаттарына қарағанда, сотталушы бұған дейін жымқыру факті бойынша бірнеше рет (4 рет) қылмыстық жауапкершілікке тартылып  сотталғаны анықталды.

Сот үкімімен аз. Ж. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 188-бабының 2-бөлігінің 2-тармағымен көзделген қылмысты жасауда кінәлі деп танылып, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 60-бабының 1-бөлігіне сәйкес, оған мүлкі тәркіленіп 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Сотталушы сот залынан қамауға алынды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі