Түркия азаматы ережені бұзып, адам денсаулығына зақым келтірген жол оқиғасын жасады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтөбе қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында Түркия азаматы D-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

2017 жылғы 22 ақпанда, шамамен 09 сағат 50 минутта, Самара-Шымкент тас жолы мен Ақтөбе-Орск тас жолының қиылысында, «Mercedes Benz» маркалы автокөлікті тіркемемен басқарып келе жатып, ҚР Жол қозғалысы ережелерінің 10.1, 13.11 тармақтарының талаптарын өрескел бұзып, жол және метеорологиялық жағдайларды ескермей, тең емес мәндегі жолдардың қиылысында, екінші дәрежелі жолдың бойымен қозғалып келе жатып басты жолмен жақындап қалған азамат Б-ның басқаруындағы тіркемелі «Камаз» көлігіне соқтығысып, салдарынан Б-ның денсаулығына жеңіл дәрежеде зақым келтірген, сөйтіп, Қазақстан Республикасы әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 610 бабының 2-бөлімінде (көлiк құралдары жүргiзушiлерінiң жол жүрісі қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң белгiленген қағидаларын бұзуы салдарынан жәбiрленушiнiң денсаулығына жеңiл зиян келтiруі) көрсетілген құқық бұзушылықты жасаған.

Сот қаулысымен шетел азаматы D. ол 34035  теңге әкімшілік айыппұл  және 1 жыл мерзімге көлік құралдарын басқару құқығынан айыру түріндегі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі