Тұрғын үйде болған жарылыс үшін материалдық зиян өндірілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Талап қоюшы Ш. жауапкерлер «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ, «Ақтөбе астық өнімдері комбинаты» ЖШС, «ГазТехҚұрылыс» ЖШС-не 29.03.2014 жылы жер астындағы магистральда газдың кеміп қалуы және газдың жер астынан тұрғын үй-жайға кіріп кеткеннің салдарынан жарылыс болуына байланысты келтірілген материалдық және моральдық зиянды өтеу туралы талап қою арызымен сотқа жүгінді.

Жарылыстың салдарынан тұрғын үй жарамсыз болып, ал үй тұрмысы заттары жанып кетіп, жарамсыз болып қалды. Оған және оның жанұясына материалдық зиян келтірілгеніне байланысты , түрлі органдарға жүгінгенін, алайда ешбір ұйым өзіне жауапкершілікті алғысы келмейтінін айтып берді. Жауапкерлерден ортақ тәртіпте 1 000 000 теңге материалдық зиянды және 500 000 теңге моральдық зиянды өндіруді сұрады.

Сот отырысында жауапкерлердің өкілдері талаптарды мойындамады.

2014 жылдың 30 сәуіріндегі №664 құрылыс-экономикалық сараптамасының қорытындысына сәйкес, зерттелген нысанның жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарының құны, құрылыс материалдарына шығындарды қосқанда 162 239 теңгені құрайды.  Талап қоюшымен 1 000 000 теңге көлемінде келтірілген материалдық шығынды анық растайтын басқа дәлелдемелерді сотқа ұсынылғанжоқ.

Сот шешімімен Ш-ның «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ, «Ақтөбе астық өнімдері комбинаты» ЖШС, «ГазТехҚұрылыс» ЖШС-не материалдық және моральдық зиянды өтеу туралы талап қою арызы ішінара қанағаттандырылып, жауапкерлерден ортақ тәртіпте 162 239 теңге көлемінде материалдық зиян өндірілді. Талаптың басқа бөлігі бойынша қанағаттандырудан бас тартылды.

Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі