Тіркеусіз кәсіпкерлік қызмет

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Шалқар аудандық сотында Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 463-бабының 1-бөлігімен азамат  Қ-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды. (тиiстi тiркеусiз, рұқсатсыз немесе хабарлама жібермей кәсіпкерлік немесе өзге де қызметпен айналысу, сондай-ақ әрекеттердi (операцияларды)жүзеге асыру)

Іс материалдары бойынша 22.06.2017 жылы 10.00-шамасында азамат Қ. Шалқар қаласындағы Қобландин көшесінің бойында орналасқан букмекерлік кеңседе мемлекеттік кірістер басқармасына тіркеусіз, ақылы ойын ұйымдастырып, букмекерлік кеңсе ашып, кәсіпкерлікпен айналысқан.

Сот отырысында  құқық бұзушы Қ. өз кінәсін толық мойындады.

Сот қаулысымен Б.  Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 463-бабының 1-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оның құқық бұзушылық нысаны тәркіленіп 34 035  тенге айыппұл  салынды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі