Сотты құрметемеушілік танытқаны үшін жауапкершілікке тартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтөбе облысы Хромтау аудандық соты А.-ға қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің  653-бабының 1-бөлігімен сотты құрметтемеушілік белгілері бойынша әкімшілік істі қарады.

А. некені бұзу туралы азаматтық іске сот отырысының болатын орны мен уақытын біле тұра, сот отырысына келмей, салдарынан сотқа қатысушылардың наразылықтарын тудырып, сот отырысын кейінге қалдыруға себеп болды.

Сот отырысында құқықбұзушы өз кінәсін толық мойындады. 

Сот оны Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 653-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танып, оған екі тәулік мерзіміне әкімшілік қамаққа алу түріндегі әкімшілік жаза тағайындады. 

Әкімшілік жауапкершілікке тартудың мақсаты құқықбұзушылық жасаған адамды тәрбиелеу, яғни құқықтық тәртіпке үйрету, сонымен қатар құқықбұзушыға және басқа да азаматтарға жаңадан тәртіп бұзуға жол бермеу.

Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

 

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі