Сотпен мұраны қабылдау мерзімін қалпына келтіру туралы арыз қаралды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Арызданушы К.  дүниеден өткен анасынан қалған Қобда ауданы Қобда ауылында орналасқан үйді мұраға қабылдау мерзімін қалпына келтіруді сұрап сотқа жүгінген.

Сот отырысында арызданушының анасы 2013 жылдың 11 желтоқсанында дүниеден өткені, анасы дүниеден өткеннен кейін мұраға Қобда ауданы Қобда ауылында орналасқан үй қалғаны, 4 жыл өткеннен кейін 2017 жылдың 31 мамырында арызданушы мұраны қабылдау үшін нотариуске барғаны, мұраны қабылдау мерзімі өтіп кеткендіктен мұраны қабылдау нотариуспен бас тартылғаны анықталды.  Арызданушы анасынан бөлек Талдықорған қаласында  тұрғанын, әжесінің тәрбиесінде болғанын, мұраға қалған үйде тұрмағандықтан ол үйдің құжаттары жоғын айтып, сотқа мұраны қабылдау мерзімін қалпына келтіруді сұрап  арызбен сотқа жүгінгені анықталды.

Сөйтіп сотпен арызданушы К. анасы  2013 жылдың 11 желтоқсанында дүниеден өткен кейін мұраны қабылдау мерзімін өткізіп алғаны анықталды.

Сонымен қатар арызданушы ҚР АПК-нің 72 бабына сай сотқа дәлелді себептермен мұраны қабылдау мерзімін өткізіп алғаны туралы дәлел келтірмеді.

Сот арызданушы К-ның  мұраны қабылдау мерзімін қалпына келтіру туралы арызын қанағаттандырудан бас тартты.

Шешім заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі