Сотпен қарыз алу шартынан туындаған берешек сомасы өндірілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтөбе қалалық сотында талап қоюшы Б.-ның жауапкер М.-нан қарыз алу шартынан туындаған берешек соманы өндіру туралы азаматтық іс қаралды.

Сотта істі қарау барысында, жауапкер М.-ның тараптармен жасалған және нотариалдық түрде куәландырылған қарыз алу шартындағы талап қоюшының алдында туындаған қарыздық міндеттемелері болған факті анықталған.

Сонымен қатар, талап қоюшының сотқа ұсынған жауапкер М.-ның өз қолымен жазылған қолхатпен дәлелденді.

Сот шешімімен талап қоюшы Б.-ның талап арызы қанағаттандырылып, жауапкер М.-нан талап қоюшының пайдасына 419 600 теңге берешек сомасы, 20 000 теңге өкілдік шығындары және 4 200 теңге төлеген мемлекеттік баж өндірілді.

Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі