Сотқа құрметтемеушілік танытқаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Шалқар аудандық сотында Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 653- бабының 1- бөлігімен  құқық бұзушы А.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды. (Сотты құрметтемеушілік)

Іс құжаттарына сай, құқық бұзушы А., азаматтық іс бойынша жауапкер ретінде келіп, сот ғимаратына ұялы телефонымен кіріп, сотта келуші азаматтарға белгіленген қағидаларды бұзып, сол арқылы сотқа құрметтемеушілік анық көрінетін әрекет жасаған. 

Сот отырысында құқық бұзушы А. әкімшілік құқық бұзушылық фактісін мойындап, жасаған іс-әрекетіне өкінетіндігін көрсетті.

Сот құқық бұзушы А. Қазақстан Республикасы әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 653-бабының 1- бөлігімен кінәлі деп танып, оған ескерту түріндегі әкімшілік жаза тағайындады.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі