Сотқа құрметтемеушілік танытқаны үшін аудан тұрғыны әкімшілік қамаққа алынды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қобда аудандық сотында  Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 653-бабының 1-бөлігімен (сотты құрметтемеушілік)  азамат А.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Істің мәні бойынша, 2017 жылдың 14 ақпан айында сағат  15.30 шамасында, Қобда аудандық сотының өндірісіндегі қылмыстық іс бойынша тағайындалған сот отырысына сотталушы А. алкогольдік масаң күйде келіп, өзінің іс әрекетімен сотқа құрметтемеушілік білдірді.

Аталған жайт бойынша азамат А.-ға қатысты Қобда аудандық сотының аға сот приставымен әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылды.

Сот отырысында құқық бұзушы А. әкімшілік құқықбұзушылық фактісін мойындап, жасаған іс-әрекетіне өкінетіндігін көрсетті.

Сот азамат А.-ны Қазақстан Республикасы әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 653-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, 1 тәулік әкімшілік қамаққа алынды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі