Ресей азаматы елден шықпағаны үшін жауапкершілікке тартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтөбе қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында Ресей азаматы К.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотта анықталғандай, аз.К. 2016 жылдың 17 қарашасында Қазақстан Республикасының аумағына келіп, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген күнтізбелік бес күн өткеннен кейін үш тәулікке дейінгі мерзімде міндетті тіркеуден өтпей, шетелдіктердің Қазақстанға келу тәртібін бұзған, сөйтіп Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің  517-бабының 2-бөлімінде (шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның белгіленген мерзімдерден астам уақыт ішкі істер органдарында тіркеуден өтпей Қазақстан Республикасында болуынан көрінген, Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы) көрсетілген құқық бұзушылықты жасаған.

Сот қаулысы бойынша  азамат К. кінәлі деп танылып, оған 2 тәулікке әкімшілік қамау түріндегі жаза қолданылды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі