Нашақорлық еліту жағдайында қоғамдық көлікті басқару

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтөбе қалалық №2 сотында азамат И.-ге қатысты Қазақстан Республикасының Қылмыстық  Кодексінің 346 бабының  1 бөлігімен     қылмыстық іс қаралды.

Қылмыстық іс құжаттарына сәйкес, 2 маусым 2017 шамамен 1 сағат 10 минутта   бұрын көлік құралдарын басқару құқығынан айрылған азамат И., маркасы «Chevrolet Cruze»  автокөлігін басқара отырып, нашақорлық еліту жағдайында Ақтөбе қаласы Абылхайыр хан даңғылында «Сулпак» дүкеніне қарама - қарсы жағында жүрген жерінде жол потрульдік полиция қызметкерлерімен ұсталған.

Сот үкімімен И., қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, Қазақстан Республикасының  Қылмыстық Кодексінің 346 - бабының 1- бөлігімен 300 сағат қоғамдық жұмысқа тартылып және 3 жыл қоғамдық көлікті басқару құқығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды.

Азамат И.-ден мемлекет кірісіне 14 119 теңге сомасында процессуалдық шығын өндірілді.

Үкім заңды күшіне енді.

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі