Мұғалжар аудандық соты БАҚ өкілдерін кәсіби мерекелерімен құттықтады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Мұғалжар аудандық соты  аудандық «Мұғалжар» газеті өкілдерімен кездесіп, журналистерді кәсіби мерекелері - Байланыс және ақпарат қызметкерлерінің күнімен құттықтады.

Салтанатты кездесуге БАҚ үйлестірушісі - судья Ж.М.Сейтжапаров, жетекші маман А.С.Сатканбаева және «Мұғалжар» газетінің бас редакторы А.Искарин қатысты.

Судья Ж.М.Сейтжапаров сот жүйесі жұмысының ашықтығы мен жариялылығын қамтамасыз етуге журналистердің қосқан үлестерін ерекше атап өтіп, оларға сот қызметін атқаруға байланысты өзекті мәселелерді, азаматтардың құқығын қорғауға бағытталған құқықтық реформалар туралы сапалы материалдар дайындап, олардың баспаға жедел жариялануына, сот билігі органдарымен тығыз қарым-қатынас орнатып, белсенді жұмыс атқарғандары үшін ерекше алғыс білдіріп, сот төрағасының алғыс хатын  газеттің бас редакторы  А.Е.Искаринге тапсырды.

БАҚ өкілдері өз кезегінде сот қызметкерлеріне көрсетілген құрмет үшін алғыстарын айтып, ризашылықтарын білдірді.

Источник: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі