Мәмілені тіркеу туралы дау сот медиациясы тәртібімен реттелді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтөбе облысы Әйтке би аудандық сотымен талап қоюшы К. жауапкер Ж. және үшінші жақ «Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы» ММ-не мәмілені тіркеу туралы азаматтық іс қаралды.

Анықтағаны, талап қоюшы 2010 жылы 12 шілде айында талап қоюшы  К. мен жауапкер Т. «ГАЗ-56Б» маркалы автокөлікті сату, сатып алу шарт жасаған, жауапкер өзінің міндетін орындамай, атына тіркемей, қазіргі күнге 87 434 теңге көлеменде көлік салығы берешек болған.

Ақтөбе облысы Әйтеке би аудандық сотының  ұйғарымымен азаматтық іс медиация тәртібімен реттеліп, жауапкер Ж. 2017 жылдың 30 маусымына дейін D. м/н, «ГАЗ56Б» маркалы автокөліктің 87 434 теңге салығын төлеуге міндеттенді, талап қоюшы К. өз жағынан салық төленгеннен кейін D. м/н, «ГАЗ56Б» маркалы автокөліктің құжаттарын дайындап және есептен алып тастауға міндеттеніп, қойған талабынан бас тартты.

Ұйғарым заңды күшіне енген жоқ.  

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі