Мейрамхана меңгерушісіне айыппұл салынды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Шалқар аудандық сотында жасы кәмелетке толмаған қыз баланың түнгі мезгілде ойын-сауық мейрамханасында болуына жол берген мейрамхана меңгерушісіне қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Іс материалдары бойынша жеке тұлға Ж. 27.05.2017 жылы сағат 22.50 шамасында Шалқар қаласында орналасқан мейрамхана меңгерушісі бола тұра кәмелетке толмаған, 2000 ж. туған Б. түнгi уақытта (сағат 22-ден таңғы 6-ға дейiн) заңды өкiлдерiнiң бірге еріп жүруiнсiз ойын-сауық мекемесінде болуына жол берген.

Осы әрекетімен Қазақстан Республикасының  Әкімшілік Құқық Бұзушылық туралы Кодексінің 132-бабының 1-бөлігінде көрсетілген құқық бұзушылықты жасаған.  

Сот отырысында Ж.жасаған құқық бұзушылық әрекетін мойындап, мейрамханаға жасы кәмелетке толмаған қыз баланың туысына еріп келгенін растады, жанында ата-анасы, заңды өкілі болмағанын, оны ойын-сауық мекемесі болып табылатын мейрамханаға кіргізгенін растап көрсетті.

Соттың 20.06.2017 ж. қаулысымен  құқық бұзушы Ж. Қазақстан Республикасының  Әкімшілік Құқық Бұзушылық туралы Кодексінің 132-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде 68 070 теңге айыппұл салынды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі