Мемлекеттік емес ұйым өкілдерімен кездесу өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қобда аудандық сотының жетекші маманы А.Г.Измухамбетова «Елдің болашағын, тілдің болашағын сақтау баршаның міндеті» тақырыбында «Қобда жастары» атты мемлекеттік емес ұйымының  өкілдерімен кездесу өткізді.

Іс-шара барысында жетекші маман А.Г.Измухамбетова  мемлекеттік тілдің қоғамдағы мәні мен рөлі туралы, Қазақстан Республикасы Президентінің 29.06.2011 жылғы №110 Жарлығымен бекітілген «Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың бағдарламасының» табысты түрде іске асырылып отырғанын айтып өтті. А.Г.Измухамбетова еліміздегі толеранттылықтың, өзара түсінушіліктің дами түскенін және еш кедергісіз барлық еліміздегі ұлттардың тілдері мен мәдениетінің сақталып отырғаны туралы айтты.

Іс-шара соңында  А.Г.Измухамбетова  мемлекеттік тілді дамыту,тілдің болашағын сақтау әр азаматтың қастерлі борышы екенін атап өтті.

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі