Медиативтік келісім шарт бекітілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтөбе облысы Алға аудандық сотында ҚР ӘҚБтК-нің 73-бабының 1-бөлігімен А-ға қатысты әкімшілік іс қаралды. 

Сот отырысында құқық бұзушы А. 10 сәуір 2017 жылы өзінің  үйінде алкогольдік ішімдік ішкен масаң күйінде өзінің азаматтық некедегі жолдасы К-ға сыйламаушылық көрсетіп, былапыт сөйлеп, қорлап тиісіп, лас сөздермен балағаттап, үйдің тыныштығын бұзып, қасақана әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны анықталды.

Сот отырысы барысында жәбірленуші К. құқық бұзушы А-ға  кешірім беріп, татуласқандықтарын айтып, сотқа медиативтік келісім шартын ұсынды.

Сот қаулысымен А-ға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 73 бабының 1 бөлігімен қозғалған әкімшілік іс медиативтік келісім негізінде жәбiрленушiмен татуласуына байланысты, әкiмшiлiк жауаптылықтан босатылып, сот өндірісінен  тоқтатылды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі